Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.07.2018

Қызметтер

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 05 мамырдағы №10-10/57 ұсынысы негізінде Жанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жанбай ауылдық округі Жанбай ауылы, Исатай көшесіндегі №14\2үйдің ауласынан жабайы түлкіден құтырма ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Исатай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің Исатай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қоғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Округ әкімі Д.Есмуханов

 

ИАОА________                                                   ИАҚДСБ_________

КЕЛІСІЛДІ:

 

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының

«Исатай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

2018 жылғы  «___»_____________ Б.Төлеген

 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық

денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау

департаментінің Исатай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»

республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

2018 жылғы «___»_____________ С.Ғабитова

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2018 07:32

Мақаланың шыққан күні: 30.05.2018 00:00