Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

К О Н К У Р С

К О Н К У Р С

(жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы)

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375 «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1089 қаулысымен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидалары» талаптарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің құқығын тану үшін аккредитациялық конкурс жарияланады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін (бұдан әрі - бірлестіктер) аккредиттеуді ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – аккредиттеу органы) жүзеге асырады.

Аккредиттеу алу үшін өтініш беруші аккредиттеу органына мынадай құжаттарды:

1) өтініш;

2) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының және бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) бірлестік мүшелерінің тізімін ұсынады.

Көрсетілген құжаттарды үміткерлер, жұмысшы орган Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөліміне тапсырады.

Өтініш 2018 жылдың 14 маусымына (қоса алғанда) дейін тапсырылу қажет.

Хабарлама бойынша қосымша түсінікті алу үшін байланыс телефондары 871(233)2-06-38.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.06.2018 07:27

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2018