Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Ішкі конкурс: санаттары: E-3, E-R-4, 2 бірлік

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды. Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты, индексі-060400, мекен-жайы - Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, анықтама үшін телефоны: 8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22, e-mail: k_kadr_bolimi@mail.ru

 

1. Құрманғазы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы (уақытша негізгі қызметкер бала күтімінде болуына байланысты-3.10.2018ж. дейін), Е-3 санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайды. Аппарат және әкімдік мәжілістеріне бөлімге қарасты жұмыстар бойынша мәселелер ұсынып, дайындау. Аудан әкімінің, аппарат басшысының қызметін және олардың қатысуымен өткізілетін әртүрлі іс-шаралардың ақпараттық-талдау және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету жұмыстары.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімнің тиімді жұмысын, аппараттың құрылымдық бөлімшелерімен жедел өзара іс қимылын қамтамасыз етеді және қызметкерлердің аудан әкімі мен әкімдігінің кесімдерін, хат хабарды тіркеу, азаматтарды қабылдау, құжаттарды бақылау, азаматтардың жазбаша және ауызша түрдегі арыз-шағымдарының уақытылы қаралуын, орындаушыларға жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, арыз-шағымдардағы мәселелерді шешу аудан әкімдігінің құзына жатпаған жағдайда уақытылы уәкілетті органдарға жолдайды.

«Электронды үкімет» бағдарламасына байланысты аудан әкімі аппаратының жұмысын үйлестіреді. Аппарат басшысының бұйрығымен тағайындайтын қызметшілерді тағайындау, босату, еңбек демалысын беру бұйрықтарының жобаларын аппарат басшысына бекіту үшін ұсынады. Олардың қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақталуын және, жеке істері мен еңбек кітапшаларының заңнамалар талаптарына сай толтырылуын және олардың сақталуын қадағалайды, қамтамасыз етеді.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, қызметкерлерінің функционалдық және лауазымдық нұсқауларын дайындап, бекітуге ұсынады, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді.

Аудан бойынша ашық деректер порталымен жұмыс жасалатын жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалау, басшылық жасау. Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында құпия емес іс жүргізудің істер номенклатурасын бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық талаптарының сақталуын бақылайды.

Аппарат қызметкерлерінің еңбекке қатыс табелін жүргізеді. Аудан әкімі аппаратының материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Өзі басшылық жасайтын бөлімдегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру, қадағалау, басшылық жасау.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің атқаратын жұмыстары жөнінде дербес бөлімдермен жергілікті әкімдердің жұмыстарына басшылық жасап, үйлестіру жұмыстарын жүргізу. Аудан әкімінің қабылдауын ұйымдастырады. Аудан әкімінің және аппарат басшысының басқа да тапсырмаларын атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық; әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес; ауылшаруашылық ғылымдар; білім; техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

2 . Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Лауазымдық функционалдық міндеттері:

Ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес, белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді және оларды ұсынады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарладың эпизоотиялық ауруларының профилактикасы, жұқпалы аурулар шыққан жағдайда ауруду зерделеу, ауру малды ветеринариялық заңдылыққа сай жойылуды бақылайды және қадағалайды, эпизоотиялық зерттеп қарау актісін береді, ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Ветеринария мәселелері бойынша аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындау. Жеке және заңды тұлғалармен ҚР «Ветеринария туралы» заңының орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді бақылайды және қадағалайды.

Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңнамалардың сақталуы тұрғысынан ветеринариялық –санитарлық бақылауға жататын өндіріс объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық бақылау және қадағалауды жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: ветеринария.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Құрманғазы аудан әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.05.2018 01:31

Мақаланың шыққан күні: 04.05.2018