Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Хаттама № 3 Батырбек бастауыш мектебі

Батырбек бастауыш мектебі жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің жиналысы болды.

23 желтоқсан 2017 жыл

Жиналыс басшысы: Сұлтанов А

Жиналыс хатшысы: Қожанов Р

Жиналысқа қатысуға тиіс:10

Қатысқаны:10



Күн тәртібінде.

  1. Мектеп директорының мектепте оқушыларға көрсетілген көмектер жайлы берілген есебі. (Есенбаева Нұргүл- мектеп директоры)

Бүгінгі таңда оқушылармыздың алаңсыз білім алуына барлық жағдайлар жасалағаны барлығымызға да белгілі. Дегенмен оқушылармыздың арасында мұқтаж отбасылар мен аз қамтылған отбасылардың балалары бар екенін барлығымызда білеміз. Біз шамалы ғана ауылмыз, сондықтанда ауылдың күнделікті тыныс – тірішілігін көзбен көріп біліп жүрміз. Ұстаздар мен ауылдағы кейбір отбасылардың күшімен 17 оқушыға көмектер ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар алға қарайда жүргізіле береді.

 

Сұрақ қоюшылар болған жоқ.

Сөйлеушілер: Қапизова А – ата – ана.

Қазақта тамаша сөз бар «Берсең балаға бер» деген. Балалармызға берілген көмек бұл өте дұрыс. Аз қамтылған отбасылар бар және ауылымыз ауданнан шалғайда орналасқандықтан кейде сабақ құралдары балаларымызда болмай қалатыны шындық. Осындай отбасылардың балаларына көмек көрсетіліп тұрса жақсы ғой. Мектеп директорының бүгінгі хабарламасында айтылған мәселелер мен оқушыларға көрсетілген көмектер қуанарлық жағдай және өзім бұндай жұмыстарды қолдаймын.

 

  1. Есенбаев Рашид – жеке кәсіпкер.

Мен өзімнің тарапымнан 4 оқушыға қысқы жылы киім алып бердім. Отбасы мүшелері маған алғыстарын білдірді. Маған осы алғыс жеткілікті. Бұл бастаманы мен қолдап алға қарайда қолымнан келген көмекті аямаймын. Жалпы мектеппен үнемі байланыста болып, бірлесіп жұмыс жасасақ бала үшін жақсы емеспе. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы ертеңгі болашақ азамат, оның алаңсыз оқуына менің азда болса көмегім болса, алдағы уақытта оның мағанда көмегі болуы әбден мөмкін. Сондықтанда олардың білім алуына жағдай жасауға көмектесейік дегім келеді.



Басқа сөйлеушілер болған жоқ

Қаулы:

  1. Мектеп директорының мектепте оқушыларға көрсетілген көмектер жайлы берілген есебі қатерге алынсын.

  2. Мектеп ата – аналармен үнемі байланыста жұмыс жасасын.

  3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыстары алға қарайда жоспарлы жүргізісін.



Жиналыс басшысы:         Сұлтанов А.

Жиналыс хатшысы:         Қожанов Р.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.03.2018 00:34

Мақаланың шыққан күні: 12.03.2018