Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Абай атындағы жалпы орта мектебінің қамқоршылық кеңес отырысының № 1 хаттамасы

Өткізілген уақыты: 15 .12.2017 ж

Өткізілетін орны: Абай орта мектебі

Отырыстың басталуы: 16:00

Отырыстың аяқталуы: 16:50

Қатысуға тиіс: 9

Қатысқаны: 9

 

Шақырылғандар: мектеп директоры,

оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

 

Күн тәртібіндегі  мәселелер:

  1. Аудандық білім бөлімінің 2017 жылдың 4 желтоқсан күнгі №832 санды бұйрығымен таныстыру.
  2. Кеңестің төрағасын, хатшысын сайлау және кеңесмүшелерінің міндеттерін бөлу (төрағасы, жауаптыхатшы)
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелген. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары
    Қамқоршылық кеңестің ережесімен, нормативтік құжаттарымен таныстыру.

 

Тыңдалды:

Н.Хасанова – Абай атындағы жалпы орта мектебінің директоры. Құрметті ата-аналар! Бүгінгі күні өздеріңіздің бастарыңызды біріктіріп отырған басты себебіміз Абай атындағы жалпы орта мектебінің қамқоршылық кеңес құрамында болуға берілген хабарландыру негізінде өз кандидатураларыңызды ұсынып, келісім хаттарыңыз аудандық білім бөіліміне жолданып, бүгінгі күні Аудандық білім  бөлімінің 2017 жылдың 4 желтоқсан күнгі №832 санды бұйрығы негізінде бекітіліп келіп отыр. Жалпы қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген. Қамқоршылық кеңестің мектеп үшін маңызы өте жоғары. Бұл мектеп өмірінде кездесетін әр түрлі өткір мәселелерді бірлесе шешуге, мектептің техникалық базасын жетілдіруге, мектеп өмірімен танысуға, ата-аналарды тартуға берілген мүмкіндіктің тағы бір жолы деп есептеймін.   Бүгінгі күні Аудандық білім бөлімінің  2017 жылғы 4 желтоқсан күнгі  №832 бұйрығымен мектептің қамқорлық  кеңесі болып төмендегі тізімдегі адамдар бекітіліп, келді. Таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

  1. Байменов Аслан Ғизатұлы – «Құрманғазы жолдары» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің бастығы
  2. Мұғалім Мұрабек Рифхатұлы – Ганюшкин ауылдық округінің әкімі
  3. Каменов Берік Тлекқабылұлы – Атырау облысы.Дін істер басқармасы. Құрманғазы аудандық ақпараттық талдау орталығының басшысы
  4. Теміралиев Еркебұлан Темірәліұлы- Жеке кәсіпкер
  5. Ильясов Эдуард – ОДС ТУСМ 131 бастығы
  6. Хайсағалиев Ақылбек – Жеке кәсіпкер
  7. Жоламанова Зияда Садуахасқызы – Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
  8. Досмағамбетов Серік Қабдоллаұлы – 2016 әскери бөлімі. Ганюшкино бекеті бақылаушы
  9. Иманғалиев Балағазы Рахметұлы – Аудандық қазыналық бөлімінің басшысы

Осы келісілген кандидатуралардың ішінен қамқоршылық кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлау керек және осы кандидатураға ұсыныстарыңызды айтып өтсеңіздер.

 

Сөйлеушілер:

Байменов Аслан –ата-ана. Құрметті Нәйля Кеңесқызы және кеңес мүшелері! Бүгінгі күні Абай орта мектебінің шаңырағында басымыз қосылып, қазіргі білім саласындағы мектептердегі қамқоршылық кеңес жұмысын құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен танысып отырмыз. Маңызды құжатпен таныса отырып, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға,  білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдауға сияқты кеңес мүшелерінің өкілеттіліг бар екендігі қуантып отыр. Бұл мектеп, ата-ана, баладан құралған үштікодақ жұмысының алға қарай да бірлесіп жұмыс атқаруына себепші болады және бұл жұмыстың жүргізілуінен үлкен нәтижелі жұмыс болады деп ойлаймын.

 

Мұғалім Мұрабек  – ата-ана. Жаңа ғана Еркебұлан таныстырып өткендей 2017 жылдың  4 желтоқсан күнгі  Аудандық білім бөлімінің  №832 санды бұйрығымен таныса  отырып жалпы  мектепте қамқоршылық кеңес жұмысы қажет деп ойлаймын. Қамқоршылық  кеңестің ережелерімен танысып отырмыз. Өзіне  тән өкілеттігі болады. Мектептің материалдық базасымен танысуға, аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік қолдау  көрсетуге толық мүмкіндіктер бар.Мектептегі жайсыз отбасы, қиындық келтіретін отбасылар және олардың балаларымен тек мектеп әкімшілігі емес сонымен қатар қамқоршылық кеңес мүшелері пікірлессе, бұл бағыттағы жұмыстардың жандануына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі кеңестің отырысында қамқоршылық кеңес төрағасы етіп Аслан Байменовтың және хатшы Берік Каменовтың кандидатурасын ұсынамын.

Жоламанова Зияда– ата-ана. Менде бүгінгі отырыстағы Аудандық білім бөлімінің 2017 жылдың  4 желтоқсанындағы № 832  бұйрықты басшылыққа ала отырып, жалпы білім ордасына бұндай қамқоршылық кеңес құрылуы дұрыс деп есептеймін мектепте қамқорлықты қажет ететін жайттар көбірек болады тек қана әлеуметтік көмек қана  емес материалдық тұрғыда тіпті кейбір өткен тәрбиелік шараларда  да қолдау қажет деп ойлаймын,  әрі осы ұсынылған кеңес мүшелерінің кандидатурасын қолдаймын.

Кеңес мүшелерінің ой-пікірін тыңдадық, олай болса кеңестің басшысы А.Байменов пен кеңес хатшысы  Б.Каменовтің кандитатурасына дауыс берейік.

Қарсы ? – жоқ

Қалыс? – жоқ

Шешім жобасы қолдарыңызда бар, шешім бірауыздан қабылданды.

Қамқоршылық кеңесі төмендегідей қаулы етеді:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы басшылыққа алынсын.
  2. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің 2017 жылғы 4 желтоқсан күнгі № 832 бұйрық негізге алынсын.
  3. Кеңес мүшелерінің дауысына сәйкес Абайатындағыжалпыортамектебінің қамқоршылықкеңес төрағасы болып Байменов Аслан жәнеқамқоршылық кеңес хатшысы болыпКаменов Берік бекітілсін.

 

Кеңес төрағасы:                      А.Байменов

Кеңес хатшысы:                      Б.Каменов

 

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.03.2018 23:44

Мақаланың шыққан күні: 12.03.2018