Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Хаттама №2 Еңбекші жалпы орта мектебі

 

Еңбекші жалпы орта мектебі                                                                                                               31.01. 2018ж


Қатысқаны- 21

Қамқоршылық кеңес мүшелері- 13

Мектеп директоры М.Шаяхметов

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: К.Ермұханова

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Қаражанова

Қоғамдық ұйым жетекшілері -5

Қатыспағаны- жоқ

 

Күн тәртібінде:

1. Қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстары жайлы есебі М.Шаяхметов

            2.«Қамқорлық» акциясының іс-шара жоспарының орындалысы туралы Г.Үмбетова

 

 Тыңдалды:

М.Шаяхметов- мектеп директоры

2017 – 2018 оқу жылының жарты жылдығындағы қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмыстар жөнінде мектеп директоры М.Шаяхметов баяндап өтті. Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚРБжҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде қамқоршылық кеңесі құрылып, ережеге сай жұмыстануда. Еңбекші жалпы орта мектебіндегі 507 оқушының аз қамтылған – 58, көп балалы – 100, жартылай жетім – 40,

1 жетім оқушы бар.

Қамқоршылық кеңес құрамының қолдауымен мектептің оқу- тәрбие үрдісіндегі жұмыстар және жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламасының орындалуы жөніндегі жұмыстарға ата –аналардың бірігіп ынтымақты жұмыс жасауда көп септігін тигізуде. Мектепішілік қамқоршылық кеңестің қолдауымен оқу жылы басынан бері қыркүйек айында -25 оқушыға, қаңтар айында - 7 оқушыға , ақпан айында – 10 оқушыға қамқоршылық жасалды.

«Түңгі ауыл» рейдтері жоспарға сай ұйымдастырылып, кезекшілік кестесі шығарылды. Кестеге сай мектеп мұғалімдерімен бірге мектептің қамқоршылық кеңес мүшелері біріккен түрде рейдке шығып, оқушылардың, ата-аналардың әлеуметтік жағдайымен және оқушылардың күн режимінің сақталуын қадағалап,ата-аналармен, оқушылармен түсінік жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Мектепішілік қамқоршылық кеңесі үнемі мектеппен тығыз байланыста жұмыстанып келеді.

 

Г.Үмбетова- әлеуметтік педагог

Мектепішілік «Қамқоршылық» акциясының іс-шара жоспарының орындалысы туралы хабарлама жасады. Хабарлама барысында мектепішілік қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлескен түрде жұмыстанып отырғандығына тоқталды.

 

Сөйлеушілер:

  1. Мадиров Н- ұлдар ұйымының жетекшісі

Бүгінгі күні мектепішілік қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысының есебін тыңдап отырмыз. Қамқоршылық кеңестің мектеп үшінде, ата-аналар үшінде жақсы жақтары мол. Жаңа жылдық оқушыларға арналған шырша мерекесінде үлкен қолдау көрсетті. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын қанағаттанарлық деп бағалаймын.

Мектепішілік «Қамқорлық» акциясының жұмысы қамқоршылық кеңеспен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыстанып отырғандығының куәсіміз. Әлеуметтік жағдайына қарай оқушыларға қамқорлық жүйелі жүргізілуде.

  1. Сахаева А- МДТІЖО

мектепішілік қамқоршылық кеңесінің қолдауымен түрлі бағыттағы шаралар жоғары дәрежеде ұйымдастырылуда. Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар жоспарының орындалуында да бірлесіп жұмыстанудамыз. Күні бүгін аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған оқушылар жоқ. Қамқоршылық кеңесінің жетекшісі Б:Кенжебаевтың басқаруымен жасалған қамқорлық жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға беремін. «Қамқордық» акциясы дәстүрлі жоспарға сай ұйымдастырылуда. Оқушыларымызға ата-аналарымыз, қамқоршылық кеңесі мүшелері үнемі қолдау көрсетіп келеді.

 

Қаулы:

  1. Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығындағы атқарған жұмысы қанағаттанарлық деп бағалансын.

  1. «Қамқорлық» акциясының іс-шара жоспарының орындалысы туралы хабарлама қаперге алынсын.

 

 

Жиналыс басшысы:            М.Шаяхметов

Хатшысы:                            Ж.Сағынғалиева

 

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.03.2018 08:31

Мақаланың шыққан күні: 07.03.2018