Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2017 жылғы қызметі туралы есебі

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма), Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10А.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Басқарма 6 (алты) қызмет түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде: 2 (екі) мемлекеттік қызмет ақысыз, 4 (төрт) мемлекеттік қызмет ақылы.

Басқармамен 2017 жылдың қорытындысы бойынша барлығы - 535 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 158;

қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 145;

электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 232;

тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 323;

ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 212.

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырағы №112 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы қаулысына өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №359 қаулысы бекітілді. (Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қаңтарда №4047 тіркелді. 2018 жылғы 28 қаңтарда ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық банкі АЖ жарияланды.)

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

1. «Іздестіру қызметіне лицензия беру»;

2. «Жобалау қызметіне лицензия беру»;

3. «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;

4. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»;

5. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу».

2017 жылы «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы №637 қаулысына сәйкес «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алынып тасталды.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында және Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (atyrau.gov.kz) орналастырылды, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Қазақстан Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау үшін Қазақстан Республикасы Иевестициялар және Даму министрлігінің интернет-ресурсында жарияланған.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Басқарма басшылығымен Атырау облысы әкімімнің бекітілген кестесіне сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында ай сайын тұрғындарды қабылдау өткізілді.

Қабылдау кестесі «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде жарияланды.

Сонымен қатар, Басқарманың жауапты қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы мәселелері жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Е-лицензиялау Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу аясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері түсінік жұмыстарын жүргізіп, орындалған жұмыстар туралы хаттамалар мен сауалнамалар толтырды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы уақытылы және сапалы жүргізілді, сонымен қатар алдағы уақытта мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық нысанда жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» КМҚК-да Басқарманың бөлім басшысы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіліп, Атырау облысының Әділет департаментінде тіркеліп, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінде жарияланды.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Атырау облысы әкімі аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмыстар туралы есеп тоқсан сайын жолданды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

18.01.2017 ж. – 18.02.2017 ж. аралығында Атырау облысының прокуратурасымен 2014-2016 жылдардағы заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минитрлігімен 17.04.2017 ж. – 28.04.2017 ж. аралығында мемлекеттік бақылау және қадағалау заңнамсының талаптарын сақтау нысаны бойынша ішінара текеру жүргізілді.

Жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы тиісті шаралар алынды.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылуда.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2018 01:10

Мақаланың шыққан күні: 05.03.2018