Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Жалпы конкурс: санаттары E-G-3, E-3, 3 бірлік

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты, индексі-060400, мекен-жайы - Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, анықтама үшін телефоны: 8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22, e-mail: k_kadr_bolimi@mail.ru

 

1. Теңіз ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маман есепші, (уақытша, негізгі қызметкер жүктілікке және босануға байланысты демалыста-8.04.2018), E-G-3 санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының, мемлекеттік сатып алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және олардың орындалуын ұйымдастыруды үйлестіру; қаржының жұмсалуы жөнінде айлық, тоқсандық, жылдық есептермен салық, статистикалық салаға қатысты есептіліктерді жүргізу, тапсыру және Мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталымен, «Парус» Қазынашылық клиент жүйесі т.б бағдарламалар бойынша жұмыстарды атқару; ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша қаржы-шаруашылық есебін жүргізеді, қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындайды; округ әкімі аппаратының қаржылық есеп жұмыстарын жүргізу, кіріс көздерін қалаптастыру, коммуналдық мүліктерді жалға беру мен мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім-шарттар жасау жұмыстарын ұйымдастыру; округ балансындағы негізгі қорлар мен коммуналдық мүліктердің, материалдық құндылықтардың сақталуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етуді, қадағалау; ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша бухалтерлік жұмыстарды, банктік есепшот және кассалық кіріс шығыс құжаттарын жүргізу; округ әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды. Округ әкімінің жүктеген басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

2.Құрманғазы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкер бала күтімінде болуына байланысты-3.10.2018ж. дейін), Е-3 санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайды. Аппарат және әкімдік мәжілістеріне бөлімге қарасты жұмыстар бойынша мәселелер ұсынып, дайындау. Аудан әкімінің, аппарат басшысының қызметін және олардың қатысуымен өткізілетін әртүрлі іс-шаралардың ақпараттық-талдау және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету жұмыстары.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімнің тиімді жұмысын, аппараттың құрылымдық бөлімшелерімен жедел өзара іс қимылын қамтамасыз етеді және қызметкерлердің аудан әкімі мен әкімдігінің кесімдерін, хат хабарды тіркеу, азаматтарды қабылдау, құжаттарды бақылау, азаматтардың жазбаша және ауызша түрдегі арыз-шағымдарының уақытылы қаралуын, орындаушыларға жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, арыз-шағымдардағы мәселелерді шешу аудан әкімдігінің құзына жатпаған жағдайда уақытылы уәкілетті органдарға жолдайды.

«Электронды үкімет» бағдарламасына байланысты аудан әкімі аппаратының жұмысын үйлестіреді. Аппарат басшысының бұйрығымен тағайындайтын қызметшілерді тағайындау, босату, еңбек демалысын беру бұйрықтарының жобаларын аппарат басшысына бекіту үшін ұсынады. Олардың қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақталуын және, жеке істері мен еңбек кітапшаларының заңнамалар талаптарына сай толтырылуын және олардың сақталуын қадағалайды, қамтамасыз етеді.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, қызметкерлерінің функционалдық және лауазымдық нұсқауларын дайындап, бекітуге ұсынады, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді.

Аудан бойынша ашық деректер порталымен жұмыс жасалатын жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалау, басшылық жасау. Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында құпия емес іс жүргізудің істер номенклатурасын бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық талаптарының сақталуын бақылайды.

Аппарат қызметкерлерінің еңбекке қатыс табелін жүргізеді. Аудан әкімі аппаратының материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Өзі басшылық жасайтын бөлімдегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру, қадағалау, басшылық жасау.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің атқаратын жұмыстары жөнінде дербес бөлімдермен жергілікті әкімдердің жұмыстарына басшылық жасап, үйлестіру жұмыстарын жүргізу. Аудан әкімінің қабылдауын ұйымдастырады. Аудан әкімінің және аппарат басшысының басқа да тапсырмаларын атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық; әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес; ауылшаруашылық ғылымдар; білім; техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

 

3.Мақаш ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, Е-G–3 санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Селолық округ әкімінің нұсқаулары мен тапсырмаларды қамтамасыз ету; округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдері жобасын әзірлейді; олардың заңдылыққа сәйкес тіркелуіне жауап береді; статистикалық есеп, халық санағы, мал санағы, егін мәліметтерін жүргізеді, шаруашылық кітабын жүргізеді, мәліметтерді уақытында электронды базаға тіркейді; халық, мал санағын жүргізу жөніндегі комиссияға басшылық жасайды; Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мен стандартына сәйкес тұрғындарға анықтамалар беру; округтегі мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің сақталуын қамтамасыз етуге және осы бағыттағы басқа да жұмыстарға басшылық жасап ұйымдастыруға,мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бойынша жауап береді; мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілдерін анықтайтын комиссияға басшылық жасайды, мемлекеттік қызметшілерді еңбек өтілдерімен таныстырады; нотариаттық іс-әрекеттер жүргізеді; сайлаушылар тізімін ай сайын АИС «Сайлаушы» бағдарламасына салып отырады және аудан әкімі аппаратына тапсырылуын қамтамасыз етеді; тұрғындарды есептен шығару және есепке алу жұмыстарын жүргізеді; тұрғындарға үй-жай салу жер телімін беру және үй құжаттарын алу бойынша жұмыстарды үйлестіреді; аудандық жер қатынастары мен жылжымайтын мүлікті реттеу орталығымен, сәулет құрылыс бөлімдерімен өзара іс қимылды қамтамасыз етеді.Персоналды басқарудың бірыңғай қызмет/кадр қызметі/ жұмыстарын ұйымдастыру, есебін беріп отыру, Е-қызмет жүйесімен жұмыс жасау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасайды, олардың заңдылыққа сәйкес тіркелуіне, мерзімінде жауаптарының берілуіне тікелей жауапты болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комисссиясының жұмысын үйлестіреді; кәсіпқой емес медиаторлар мен алқабилерге үміткерлермен жұмыс жүргізеді. Округ әкімі іссапарда болған кезде, денсаулығына байланысты емделуде, еңбек демалысында болған кездерінде округ әкімінің міндетін атқарады; нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындайды; округ әкімі берген басқа да қосымша тапсырмаларды орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: білім; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; техникалық ғылымдар және технологиялар; ауылшаруашылық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде 3), 4), 5), 7) 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Құрманғазы ауданы әкімдігінің және мемлекеттік қызмет істері уәкілетті органның интернет-ресурсында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, 7 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың),

коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында өтеді.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2018 23:09

Мақаланың шыққан күні: 15.02.2018