Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

 

Атырау облысы Құрманғазы
ауданының кейбір әкімшілік-
аумақтық бірліктерін қайта атау
туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Атырау облысы Құрманғазы ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша, Ганюшкин және Киров ауылдық округтер, Ганюшкин және Дәшін ауылдары халқының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Атырау облысы Құрманғазы ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

1) Ганюшкин ауылдық округінің Ганюшкин ауылы - Құрманғазы ауылы;

2) Ганюшкин ауылдық округі - Құрманғазы ауылдық округі;

3) Киров ауылдық округінің Дәшін ауылы - Хиуаз ауылы;

4) Киров ауылдық округі - Жаңаталап ауылдық округі болып қайта аталсын.

2. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Сайлауоваға жүктелсін.

3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі Сессия төрағасы               Н.Ноғаев

Мәслихат хатшысы                                Ө.Зинуллин

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2018 05:53

Мақаланың шыққан күні: 14.02.2018