Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Құрметті кәсіпкерлер! «Атамекен» ҚР ҰКП сіздерді екі сатыдан тұратын «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады

«Атамекен» ҚР ҰКП сіздерді екі сатыдан тұратын «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады. Оқыту екі сатыдан тұрады:

1 саты: бизнес жүргізудің заманауи әдістері мен білім дағдыларын оқыту, бизнес серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша 3 апталық бизнес-тренинг.

Семинарлар тегін өткізіледі,  қатысушылар тренингтер өткізілетін жерге дейінгі транспорттық шығындар мен тұруға арналған шығындарды ғана төлейді.

2 саты: шетелдік кәсіпорындарда іскерлік қарым-қатынасты жақсарту, тауар жеткізу, жабдықтау, тәжірибе алмасу және т.б. мәселелер бойынша шетелде 4 апталық тақырыптық бизнес-тағылымдама. 

Шетелдік тағылымдамаға қатысу өтеусіз түрде жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады, мекен жайы: Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 78, байланыс телефоны 8 (7122) 763659.

 

Қатысуға өтінім (DOCX 19 Kb)

 

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.02.2018 05:56

Мақаланың шыққан күні: 02.02.2018