Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Құрметті кәсіпкерлер! «Аға сеньорлар» компонентіне қатысуға шақырамыз

Сіздерді  «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын басқарудың, өндірістер, жабдықтар технологиясының жаңа әдістерін енгізу, қызметкерлерді оқыту мәселелері бойынша  жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға арналған «Аға сеньорлар» компонентіне  қатысуға шақырамыз.

«Аға сеньорлар» компоненті экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға шетелдік сарапшыларды өз компанияларына шақыруға және кәсіби ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.

Сарапшылардың көмегі бизнесті жүргізу бойынша туындайтын мәселелерді шешуде практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында қызметкерлерді оқыту және техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешуде болып табылады.

Экономиканың басым секторыларында қызмет көрсетіп жатқан шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары бағдарламаның қатысушысы бола алады.

«Аға сеньорлар» компоненті бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығындарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Шетелдік сарапшылардың ұшып келу/кету және көрсеткен қызметі бойынша шығындарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қатысушылар сарапшының Қазақстанға келуімен байланысты шығындарды  төлейді: тұруы, тамақтануы, тәуліктік ақысы, аудармашының қызметі.

Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 78, тел. 87122 763659.

 

Қатысуға өтінім (DOCX 47 Kb)


Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.02.2018 05:53

Мақаланың шыққан күні: 02.02.2018