Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.05.2020

Қызметтер

Ішкі конкурс: санаттары: Е-R-4, E-G-3, 4 бірлік.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды. Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты, индексі-060400, мекен-жайы - Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, анықтама үшін телефоны: 8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22, e-mail: k_kadr_bolimi@mail.ru

 

1.Ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы, Е-R-4 санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері Аудан бойынша жасақталған жұмыспен қамту бағдарламасының орындалысын жүзеге асыру үшін жұмыстанады, қадағалайды әрі бақылайды.

Бас бостандығынан айыру мекемесінен келген азаматтармен, туберкулез ауруымен ауыратын және басқа да санаттағы азаматтармен жұмыс жүргізеді.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесін» және басқа да арнайы бағдарламалардың аудан бойынша орындалысын үйлестіреді және жауапты болады. Тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізеді. Айданның құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шара жоспарының бөлім бойынша жұмысын ұйымдастырады.

Психикалық аурулардың салдарынан немесе ақыл-есінің кеимдігінен сот «әрекетке қабілетсіз» деп таныған адамдарға қорғаншылықты және спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот «әрекет қабілеттілігі шектеулі» деп танылған адамдарға қамқоршылықты анықтаушы органынң жұмыстарын жүргізеді және жауапты болады. Бөлім басшыларының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

 

2. Байда ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері Ауылдық округ әкімінің шешімдер мен өкімдерін нормативтік құқықтардың жобасын дайындайды және іс-қағаздарының мемлекеттік тілде толықтай жүргізілуіне қамтамасыз етеді, қажетті жағдайда жұмыстардың ресми тілде рәсімделуін қамтамасыз ету; ауылдық округ бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілері мен тапсырмаларының облыс, аудан және округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау ұйымдастырады, олардың орындалуы жөнінде тиісті ақпараттық материалдарды жасақтап жоғарғы құзыретті органдарға беріп отыру; мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру және құжаттарды мұрағатқа тапсыру, іс номенклатурасын жасақтау; Заңдарға белгіленген тәртіпте нотариаттық іс-әрекеттер жасайды. Lotus Notes бағдарламаларымен жұмыс жасау. Округ әкім аппаратының кадрлар жұмысы жөніндегі қызметін үйлестіру. Округтегі тұрғындар жиналыс хаттамаларын жасайды. Тұрғындардың өкілдерінің жиналысының мезгілінде хабарланып, дайындалып өткізуін қамтамасыз етеді, оның тиісті құжаттарын рәсімдеу; Жергілікті мекемелер және ұйымдармен өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қажетті хабарлама, ақпараттар алып отыру. Әйелдер кеңесінің жұмыстарын ұйымдастырады;

Округ әкімі жанындағы Аналар кеңесі жұмыстарын ұйымдастырады, Е-қызмет бағдарламасымен жұмыс жасау; ЕСЭДО бағдарламасымен жұмыс жасау; мемлекеттік қызметкердің қызмет этикасын сақтауға міндетті; мемлекеттік қызмет туралы Заңды орындауға міндетті;

Округ әкімі аппаратының бас маманына округ әкімінің құзыретімен заңдарда белгіленген тәртіпке қайшы келмейтін басқа да міндеттер жүктелуі мүмкін

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: білім; гуманитарлық ғылымдар құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; техникалық ғылымдар және технологиялар; ауылшаруашылық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

 

3. Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері Әлеуметтік көмек жұмыстарына, мемлекеттік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмектің,тұрғын үй жәрдем ақысының дұрыс есептелуіне, қаржының дұрыс игерілуіне жауап береді. Округ бойынша мүгедектердің дерек қорларын жинайды; Жұмыссыздармен жұмыс жасайды. Ақылы қоғамдық қызметтегілерді мақсатты пайдалануды ұйымдастырады және оған жауап береді. Округтегі мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің сақталуына басшылық жасайды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орындалуын қадағалайды, осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырады. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының орындалуын қадағалайды; Ұ.О.С ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің және әскер жесірлерінің дерек қорларын жасайды; Округ жанынан құрылған конкурстық комиссияларға басшылық жасайды. Мекемелердің қысқа дайындығын қадағалайды, мерзімінде мәлімет береді. Округтегі қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына бағыт-бағдар береді. Тұрғындардың мал, егін мәліметтерін арнайы бағдарламаға құю жұмыстарын жүргізеді Округ әкімінің басқа да қосымша тапсырмаларын орындайды.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: білім; гуманитарлық ғылымдар; табиғи ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; техникалық ғылымдар және технологиялар; ауылшаруашылық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

4. Орлы ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты (уақытша негізгі қызметкер бала күтімінде болуына байланысты 2018 жылдың 6.03 дейін).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері Округ әкімінің нормативтік құқықтық актілері жобаларын дайындау; анықтамалар беру; округ тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайларын зерделеу, халықтың әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсету, бір жолғы төленетін қаржылай көмектерге құжаттар жинақтап, жұмыстарын ұйымдастыру; балалы отбасыларына төленетін жәрдемақыға және атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақыларына өтініштер қабылдап, комиссияға ұсыну, аудандық бөлімге уақытылы тапсыру; округ көлеміндегі жұмыссыз азаматтардың есебін нақтылап, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу; «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасының үш бағыты бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; пробация

қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеп келген азаматтардың жұмысқа орналасуларына жәрдемдесу және өзге де әлеуметтік шараларға қатысу жұмыстарын ұйымдастыру; АИС «Сайлаушы» бағдарламасына байланысты жұмысты жүргізу; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасайды; персоналды басқарудың бірыңғай қызметі /кадр қызметі/ жұмыстарын ұйымдастыру, есептерін беру, Е-қызмет жүйесімен жұмыс жасау. Әкімнің тапсыруы бойынша басқа да жұмыстарды атқару.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: білім; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; техникалық ғылымдар және технологиялар; ауылшаруашылық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Құрманғазы аудан әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.11.2017 00:13

Мақаланың шыққан күні: 29.11.2017