Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

ХАБАРЛАНДЫРУ! Құрметті аудан тұрғындары!

2017 жылғы 17 қараша күні, сағат 15:00-де С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтеді.

Жәрмеңкеде төмендегідей мәселелер бойынша ақпарат пен заңнамалық көмектер ала аласыздар:

- Жер қатынастары;

- Тұрғын – үй, құрылыс;

- Білім, бала-бақшаға тіркеу;

- Әлеуметтік салалар;

- Ауылшаруашылығы және ветеринария;

- Электрондық цифрлық қолтаңба алу;

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу;

- «Электрондық үкімет» веб – порталынан электронды түрде алуға болатын қызметтер жөніндегі роликтер LED экран арқылы көрсетіледі.

Соңымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Құрманғазы аудандық бөлімі тұрғындарға қызмет көрсететіні қаперге беріледі.

 

Жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!

Құрманғазы ауданы әкімдігі


Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.11.2017 08:00

Мақаланың шыққан күні: 10.11.2017