Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.07.2018

Қызметтер

Жылыой ауданы әкімінің «2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2017 жылдың міндеттері туралы» есептерінің талқылау қорытындылары бойынша түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ІІI тоқсан қорытындысы бойынша орындалысы

Ұсыныс пікірлер

мазмұны

Орындалысы жөнінде ақпарат

 

 

1

Құлсары қаласына көпқатарлы тұрғын үй салуға жер телімін бөлу жұмыстарын аяқтап, ЖСҚ-ды жасақтау, және содан кейін үй салу мәселесі

Құлсары қаласына көпқатарлы тұрғын үй салуға жер телімі бөлінді. Тұрғын үйдің ЖСҚ-ын жасақтауды мемлекеттік сатып алу веб-порталынан ашық конкурс тәсілімен жеңімпаз «Каспий Инжиниринг» ЖШС-мен келісім шарт жасақталып, жұмыстар жүргізілуде.

2

Құлсары қаласына бейнебақылау камераларын орнату

Құлсары қаласы бойынша бейнебақылау камераларын орнату үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталынан ашық конкурс тәсілімен жеңімпаз «Тимакс Электро» ЖШС-мен келісім шарт жасақталып, жұмыстар жүргізілуде.

 

3

Құлсары қалаішілік 1,2,8,6 маршруттарға тендер өткізу

Құлсары қаласы бойынша қалаішілік №1,4,5,6,7,8 бағыттары бойынша тендер 2017 жылы аяқталып, тендер қорытындысы бойынша «Автостоянка-А» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңда аталған мекемемен қалаішілік жолаушылар тасымалдау жұмыстары атқарылуда. Ал 2,3,9 бағыттары бойынша тендер 2016 жылы өткізілген тендер қорытындысымен «Теңізавтокөлік» ЖШС жеңімпаз болып танылып, қазіргі таңда қалаішілік жолаушылар тасымалдау жұмыстары атқарылуда.

4

Құлсары қаласына бағдаршам орнату

Құлсары қаласы бойынша бағдаршам орнату үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақтауға «Тимакс Электро» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.

 

5

Құлсары қаласы Қажымұқан Мұңайтпасов көшесіне көше жарығын орнату

Қала аумағында көше жарығын қажет ететін көшелер тізімі анықталып, Қ.Мұңайтпасов көшесі көше жарығын қажет ететін тізімге енгізілген. Құлсары қаласына көше жарығын қажет ететін көшелерге жобалау сметалық құжаттама жасақтауға мемлекеттік сатып алу конкурсына жариялануда. ЖСҚ-ын жасақтау аяқталғаннан кейін мемлекеттік сараптамадан өтеді.

 

6

Құлсары қаласында игерілмеген жерлерді кезекте тұрған тұрғындарға беру

Қазіргі таңда «Атырау» және «Болашақ» ы/а инженерлік инфрақұрылым жүргізілген жерлерден тұрғындарға жер бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

7

Құлсары қалаішілік автобустардың маршрут бойынша уақытылы жүруін қадағалау және сағат 18:00-ден кейін жүруін бақылауға алу

Құлсары қалаішілік автобустардың маршрут бағыттарын қадағалау мақсатында бекітілген іс-шаралар бойынша үнемі рейдтік шаралар ұйымдастырылып отырылады. Жолаушылар

тасымалдаумен қызмет көрсететін «Автостоянка-А» ЖШС және «Теңізавтокөлік» ЖШС-нің маршруттардың жүру кезегін келісім шарт негізінде жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар үнемі бақылауда.

8

Құлсары қаласына типтік кең профильді аурухана салуға ЖСҚ-ын жасақтау

Құлсары қаласында 75 төсектік аудандық аурухана салу 2017-2020 жылғы инвестициялық жобалар тізіміне енгізілген. Облыстық құрылыс басқармасымен аудандық аурухананың жобалау сметалық құжаттамасын жасақтау жүргізілуде.

 

9

Қара Арна округіндегі шаруа қожалықтарына (газ, тоқ, су) жүргізу үшін анықтап зерделенсе және ұсыныс беру

Қара Арна ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарына (газ, тоқ, су) желілерін жүргізу үшін шаруа қожалықтарының қыстақтары әр жерде, әр бағытта орналасуына байланысты жергілікті бюджеттен қаржы бөліп жүргізуге мүмкіндік жоқ екенін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге болатыны туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

 

Қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің «2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2017 жылдың міндеттері туралы» есептерінің талқылау қорытындылары бойынша түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ІІI тоқсан қорытындысы бойынша орындалысы

Ұсыныс пікірлер

мазмұны

Орындалысы жөнінде ақпарат

 

 

1

Аудандық орталық емханаға автотұрақ салу

Аудандық орталық емханаға автотұрақ салу мақсатында жобалау-сметалық құжаттама толық жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінімдер тапсырылады.

 

2

Құлсары қаласындағы «Автожолшылар» ықшам ауданына кіші аяқ доп алаңын салу

Құлсары қаласы бойынша 2017 жылы кіші аяқ доп алаңдарын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, бюджеттен қаражат бөлінді. Қала бойынша кіші аяқ доп алаңдарын салу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткеннен кейін жеңімпаз мекеме анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізетін болады.

3

 

Құлсары қаласындағы Қорғанбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу

Құлсары қаласы Қорғанбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу үшін конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаз «АқсайСтройСервис» ЖШС болып танылды. Қазіргі таңда, жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілуде.

4

Құлсары қаласындағы 6 ауыл №302 көшеге асфальт жол төсеу

 

Құлсары қаласының ішіндегі кейбір көшелеріндегі (барлығы 107 шақырым) асфальт жолдарын қайта жаңарту мақсатында ЖСҚ жасақтау үшін «Шыңдау» ЖШС-мен келісім-шарт жасақталып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Асфальт жолдарды қайта жаңартуға жататын көшелер тізімінде 6 ауылдағы №302 көшесі бар.

5

Жаңа Қаратон кентішілік кәріз жүйелерін жөндеуден өткізу

Жаңа Қаратон кентінің кәріз жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақтауға қаражат қарастырылып, бүгінгі таңда ЖСҚ жасақтау үшін тендерлік құжаттамалар рәсімделуде.

6

Жаңа Қаратон кентішілік кәріз лас суды тазарту үшін «вакуум» автокөлігін алу

Жаңа Қаратон кентішілік кәріз лас суды тазарту үшін «вакуум» автокөлігін алу мақсатында қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу жүргізілуде.

 

7

Майкөмген ауылына жаңа мектеп ғимаратының ЖСҚ-ын аяқтау және ғимарат құрылысын бастау

Майкөмген ауылдық округіне 300 орындық мектеп құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасының байламын «ЭдемСтройСервис» ЖШС жасақтауда.

 

8

Шоқпартоғай ауылындағы «Қабас» учаскесіндегі 17 үйге ауыз су құбырын тарту

Шоқпартоғай ауылындағы «Қабас» учаскесіндегі 17 үйге ауыз су тарту мақсатында жобалық сметалық құжаттама толығымен аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім беріледі.

9

Қосшағыл ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын жөндеу

Қосшағыл ауылішілік автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында қаражат бөлінді. Мердігер мекемемен келісім шарт жасақталды. Қазіргі уақытта 80% жұмыс орындалды. Жұмыстар толығымен ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады.

10

Қосшағыл ауылішілік көше жарығын жүргізу

Ауылішілік 0,8 км көше жарығын жүргізу үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айында мердігер мекеме анықталып келісім-шарт жасақталды. 2017 жылдың қазан айынан бастап құрылыс жұмыстары жасалады.

 

11

Ақкиізтоғай ауылы бойынша ұлғайтылған жайымдылық жер көлемін заңдастыру

Аққиізтоғай ауылдық округі бойынша ұлғайтылған жер көлемін заңдастыруға 8850,0 қаражат бөлінді. Қаражатқа округтің шекара шегі анықталып, жер заңдастырылатын болады. Қалған жұмыстар 2018 жылға жоспарланған.

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.10.2017 06:24

Мақаланың шыққан күні: 09.10.2017 00:00