Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Трактор тiркемесін кепілге қою

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу" туралы куәлік қағаз нысанда беруге болатындығын және осы мемлекеттік қызмет заңды немесе жеке тұлғаларға Құрманғазы аудандық ауылшаруашылық бөлімі арқылы, ақылы негізінде көрсетіледі.

Тіркеу алымының мөлшері: жеке тұлғалардан – 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), заңды тұлғалардан – 5 АЕК, кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК құрайды.

Тіркеу алымын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есептесумен жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы төлем жүргізу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі ұсынады:

1.Осы мемлекттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

2.Жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3.Тіркеу алымының төленгені туралы құжат;

4.Кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптарын қамтитын шарт.

Осы аталған мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі


Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.09.2017 08:26

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2017