Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №324 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атырау облысы әкiмдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №324 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3353 болып тіркелген, 2015 жылы 5 желтоқсанда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) 1-қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:

1-тармақтың бесінші жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«3) «Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

барлық мәтін бойынша «ХҚО», «ХҚО-на» деген сөздер «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияға» деген сөздермен, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деген сөздер «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен өзгертілсін.

2) 2-қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:

1-тармақтың төртінші жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2) «Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

барлық мәтін бойынша «ХҚО», «ХҚО-на» деген сөздер «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияға» деген сөздермен, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деген сөздер «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен өзгертілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов


Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.11.2019 09:46

Мақаланың шыққан күні: 14.03.2016