Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Ішкі конкурс: санаттары E-R-4, E-G-3, 5 бірлік

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты, индексі-060400, мекен-жайы - Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, анықтама үшін телефоны: 8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22, e-mail: k_kadr_bolimi@mail.ru

 

1. Ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маман-есепші, Е-R-4 санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Мекеменің бюджет жоспарын жасақтап, есебін жүргізіп, бөлімнің есеп құжаттарына жауапты болады. Тиісті органдар алдында заңдар талабына сай есептерін береді. Қызметкерлердің еңбек ақыларын уақтылы алуын қамтамасыз етеді. Түскен жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек қаржыларының мезгілінде төлеуін қадағалайды, осыған байланысты жұмыстарды үйлестіреді. Касса ережесін қатаң сақтайды, мекеменің негізгі қорлары мен мүліктерінің есебін жүргізеді, олардың түгел, әрі сапалы жағдайда сақталуын қадағалайды. Қызметкерлердің еңбек ақыларын уақтылы алуын қамтамасыз етеді. Тағайындалған жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек қаржыларының дұрыстығын тексеріп отырады, ол жөнінде ұсыныстар береді және толық жауапты болады.

Аудан әкімінің білім беру көмегі бойынша еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқып жатырған студенттердің жыл сайынғы оқу ақыларының уақытылы төленуін қамтамасыз ету мақсатында іс-құжаттарын уақытында дайындап, төленуін қаматамсыз етеді.

Бөлім басшыларының басқа да тапсырған жұмыстарын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

 

2. Мақаш ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман есепші,. E-G-3 санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімінің нұсқаулары мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету «Мақаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу Бюджетті жұмыстарды жетілдіруді ұйымдастырады қаржыландыру жоспарын, бағдарламалар және шағын бағдарламалар міндеттемелер мен төлемдер бойынша жасактайды, Округ әкімі аппараты бойынша әрбір жылға арналған шығын сметасын жасайды, оны қорғайды және орындалысын қамтамасыз етеді, Тиісті бекітілген штаттық кесте бойынша уақытылы қызметкерлердің еңбекақыларын есептеу, төлеу, қызметкерлердің жалақысынан тиісті төлемдерді зейнетақы қорларына аудару; Мекеме есебіндегі құнды заттардың есебін жүргізу, сақталуына бақылау жасау, жыл аяғында инвентиризация өткізу; Жұмсалған қаржы құжаттарының дұрыс рәсімделуін, олардың заңдылығын қадағалау, Бухгалтерлік, статистикалық және салықтық есептерді уақытында жасау, экономика және қаржы бөліміне берілетін мәліметтерді тапсыру; Округ көлеміндегі шаруашылық жүргізуші заңды және жеке тұлғалардан бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуына ықпал жасайды, Күрделі жөндеу жұмыстарының, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінетін қаржылардың жұмысын бақылау; Бухгалтерлік құжаттардың дұрыс сақталуын жауапты және оларды мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді, ДебиторлКіріс көздерін қалыптастыру, коммуналдық мүліктерді жалға беру мен тауарлық және кредиторлық қағаздардың мезгілінде өтелуін бақылайды, төлем тәртібін қадағалайды; Бөлінген қаражаттың жұмсалуын ай сайын қадағалау, есебін жүргізу, бюджеттік бағдарламалардың уақытында бекітілген қаржы көлемінде орындалуын, қаржының игерілуін қамтамасыз ету; Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңдылыққа сәйкес жүргізу; қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім-шартттар жасау жұмыстарын орындау; Нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындайды; Округ әкімі берген басқа да қосымша тапсырмаларды орындайды.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

 

3. Сафон ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман есепші, Е-G–3 санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Тауарларды, жұмысты және қызметті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша қаржы-шаруашылық есебін жүргізеді. Қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындайды. Бюджет бойынша шығын сметасын жасақтап, есептейді, ақшаны сметаға сәйкес қолдануды жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша банктік есепшот және кассалық кіріс-шығыс құжаттарын жүргізеді. Қаржының жұмсалуы жөнінде айлық, тоқсандық, жылдық есептерін қаржы бөліміне тапсырады.Бухгалтерлік, статистикалық және салық бойынша есептесулер жүргізеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржы түсімдері мен шығыстары есебін жүргізу. Округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындап отырады. Округ әкімінің нормативтік-құқықтық актілері жобаларын дайындайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

 

4. Сафон ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, Е-G–3 санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Әкім аппарат мәжілістері мен тұрғындары жиынына материалдарын дайындап, тоқсандық жоспарын жасап округ әкіміне бекітуге ұсыну; Округ әкімі шешімдері жобасын жасайды, әкімнің шешімдері мен өкімдердің жауапты мамандарға мерзімінде жеткізуге, шешімдер мен өкімдердің орындалысын қадағалау; Шаруашылық кітаптарын жүргізу; Е-қызмет жүйесімен жұмыс жасау; АИС “Cайлаушы” бағдарламасымен жұмыс, сайлаушылар тізімін әр тоқсан сайын беріп отыру; Құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдермен, нашақорлық пен адам саудасына қарсы күрес бағытында құқықтық жұмыстар атқару; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру; Үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды жүргізу;Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің жеке іс құжаттарымен жұмыс; Әлеуметтік экономикалық даму өңірлік бағдарламалардың, кешенді бағдарламаларының орындалысын жүзеге асыру; Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламенттеріне сәйкес анықтамалар беру, тұрғындардың талап-тілектерін орындау мақсатында түрлі бағыттағы анықтамалар беру; Округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: білім; гуманитарлық ғылымдар; табиғи ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес; техникалық ғылымдар және технологиялар; ауылшаруашылық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

 

5. Шортанбай ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, Е-G–3 санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Әлеуметтік сала жұмыстары; арыз шағымдармен жұмыс; архивке тапсырылатын материалдармен жұмыс, награда мәселелері, тұрғын үй, жер беру комиссияларының жұмысын үйлестіру; мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне байланысты жұмыс. Құжаттар номенклатурасын жасақтау, баспасөзге жазылуды ұйымдастыру; салық жинауға жәрдемдесу; қоғамдық ұйымдармен жұмыс, округ әкімі аппаратының теңгеріміндегі жылжымайтын мүліктерінің жағдайына жауапты. Округ әкімінің нормативтік-құқықтық актілері жобаларын дайындайды. Округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі

бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: білім; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; техникалық ғылымдар және технологиялар; ауылшаруашылық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Құрманғазы аудан әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.09.2017 01:39

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2017