Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №325 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 қазандағы №325

«Фармацевтикалық қызмет

саласындағы мемлекеттік көрсетілетін

қызметтер регламенттерін бекіту

туралы» қаулысына өзгеріс

енгізу туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №125 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3354 болып тіркелген, 2015 жылы 5 желтоқсанда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі Н.Ноғаев


Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2019 09:12

Мақаланың шыққан күні: 13.09.2017