Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық- географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай білім беру ұйымдарына:

1) «Жалпы білім беретін № 2 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Жұмекен Нәжімеденовтің есімі;

2) «№ 33 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Қасым Қайсеновтің есімі;

3) «Жалпы білім беретін № 23 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсыновтың есімі;

4) «№ 35 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне Хамит Ерғалиевтің есімі;

5) «Жалпы білім беретін № 22 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Әлия Молдағұлованың есімі;

6) «Жалпы білім беретін № 6 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Мұрат Мөңкеұлының есімі;

7) «№ 1 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне Ығылман Шөрековтің есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) «Жалпы білім беретін № 1 В.И. Ленин атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – Атырау қаласы білім бөлімінің «Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

2) «Жалпы білім беретін Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – Атырау қаласы білім бөлімінің «Мақаш Бекмұхамбетов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

3) «Таңдай» орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – Атырау облысы Махамбет аудандық білім бөлімінің «Қаршымбай Ахмедияров атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                               Б. Сағынтаев


Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.07.2017 07:07

Мақаланың шыққан күні: 12.07.2017