Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

«Онлайн-қолдау» қызметі туралы

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналар үшін психологиялық көмек көрсету және кеңес беру мақсатында республика көлемінде «Онлайн - қолдау» қызметі жұмыс жасайды. Қызметтің негізгі міндеті психологиялық денсаулықты сақтау, отбасында қолайлы әлеуметтік- психологиялық ахуал жасау және мүгедек балалар тәрбиелеуші адамдарға психологиялық қолдау көрсету болып табылады. Жүйке аурулары, жалпы медициналық психология және педагогика курстары бойынша, психиатрия, наркология кафедрасының білікті мамандарын тарту жолымен психологиялық көмек және кеңес береді. Қызмет жұмысы мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналармен ғана жүзеге асырылады.

Қызмет жұмысы «SKYPE» бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы интернет-ресурс мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. «Онлайн -қолдау» қызметі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді және мүгедек балалар тәрбиелеуші барлық ата-аналар үшін қолжетімді.

Пайдаланушы 1411 номеріне қоңырау шалып, жәрдемақы алушының ЖСН нөмерін айта отырып, өзіңе қолайлы кеңес алу уақытын белгілейді. Белгіленген уақытында университеттің кеңесшілерімен байланысу үшін пайдаланушы көрсетілген электрондық мекен жайға: krmu@mail.ru хабарласуы керек.

«Онлайн -қолдау» қызметі тегін көрсетіледі. Компьютер немесе интернет жүйесі жоқ болғай жағдайда барлық ауылдық округ әкімдіктері арқылы «Онлайн -қолдау» қызметін тегін алуға болатындығын қаперіңізге беріледі.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі


Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.04.2017 10:27

Мақаланың шыққан күні: 19.04.2017