Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Күрес. Мақсат Ережеповтің «алтыны»

Күрес. Мақсат Ережеповтің «алтыны»Шымкентте грек-рим күресінен ҚР чемпионаты өтті. 75 келіге дейінгі салмақта «алтынға» Мақсат Ережепов (суретте сол жақта) қол жеткізді. Ол жоғары спорттық шеберлік мектебінің құрамына кіреді (жаттықтырушысы Ербол Әділбаев).

Финалға жетер жолда Мақсат көптеген атақты қарсыластарынан, оның ішінде халықаралық санаттағы спорт шебері, жастар арасында өткен жылы әлем чемпионы болған Темірлан Шадукаевтан да басым түсті. Жарысқа қатысқан ҚР күрес федерациясының вице-президенті Бауыржан Оспанов және 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Георгий Цурцумия Мақсаттың шебергін жоғары бағалады. Оның чемпионаттағы жеңісі әлем және Азия чемпионаттарына қатысу үшін ҚР құрамасына енуге мүмкіндік берді. Спортшы мен оның бапкері қолдау танытқаны үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Б.Бекетке алғыс білдіреді.

http://azh.kz


Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.03.2017 16:09

Мақаланың шыққан күні: 09.03.2017