Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау спортшысы Универсиада алқасын иеленді

Атырау спортшысы Универсиада алқасын иелендіБүгін, 6 ақпанда Атырау үшін ұлттық құраманың құрамында бақ сынаған коньки тебуші Денис НИКИША Универсиада-2017 додасында 500 метрлік қашықтықтағы шорт-тректе қола алқа иеленді (алтын - Ким До Кьюм, Оңтүстік Корея, күміс – Абзал Әжіғалиев, Қазақстан).

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасындағылар хабарлағандай, Атырау үшін шорт-тректе тағы екі спортшы – Ким ЁНГ пен Ольга ТИХОНОВА өнер көрсетеді. Шорт-трек бойынша облыстың аға бапкері Петр ГАМИДОВ хабарлағандай, қыздар бүгін шорт-тректе 3000 метрге дейінгі эстафетада жартылай финал үшін жарысады. Финал ертең Алматы уақыты бойынша сағат 18-де өтеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
http://azh.kz


Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.02.2017 15:50

Мақаланың шыққан күні: 06.02.2017