Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №105 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №105 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3201 болып тіркелген, 2015 жылы 23 мамырда «Атырау» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Н.Ноғаев


Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2019 15:45

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2017