Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атыраудағы Қысқы универсиада алауы

Атыраудағы Қысқы универсиада алауыБүгін, 27 қаңтарда Атырауда 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың алауы жағылды.

Мұнай және газ университетінің аумағында салтанатты шаралар ұйымдастырылды. Оған осы жоғары оқу орнының студенттері, танымал спортшылар мен облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ қатысты. Өңір басшысына Қазақстан үшін елеулі спорт оқиғасын білдіретін алауды тұтату сеніп тапсырылды.

Ол эстафета алауын кикбоксингтен әлем және Азия чемпионы, Әлем кубогының төрт дүркін иегері Абзал ДҮСІПОВКЕ табыс етті. Содан кейін колонна жеңіл жүгіріспен Атыраудың негізгі көшелерімен қозғалды. 60 адамнан құралған алау эстафетасына қатысушыларды қала тұрғындары қошеметпен қарсы алды. Алауды жастар, студенттер, жергілікті әртістер және спортшылар кезекпен алып жүрді. Эстафета Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ алдында өз мәресіне жетті.

Марат ТАКУЛИН
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.01.2017 12:49

Мақаланың шыққан күні: 27.01.2017