Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Алтыннан алқа таққандар

Алтыннан алқа таққандарАтыраулық спортшылардың 2016 жылғы жетістіктерін еске салайық

Қаңтар

Дамир Күзембаев – грек-рим күресі бойынша ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Әділет Сисенбаев – 2000-01 ж.т. жасөспірімдер арасында грек-рим күресі бойынша ҚР чемпионатының «алтын» медалі.

 

Ақпан

«Атырау барыстары» команда-сы 1998 ж.т. – баскетболдан ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Манас Қайырбай, Серікболсын Шынтас – 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдодан ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Назым Ищанова - әйелдер боксынан ҚР чемпионатының «алтын» медалі.

 

Наурыз

Асланбек Ибрагимов, Саид Типаев, Жасұлан Хасимов, Мырзабек Қаутбаев, Адлан Абубакаров, Александр Ишин, Нұртілек Қонашов, Әділбек Қайырғалиев, Лев Винс, Ақбөбек Ерғалиева - панкратион және грепплингтен ҚР чемпионатының «алтын» медаль иегерлері;

Аян Шамболов, Сәлимжан Сәлимгереев – кикбоксингтен ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Бекарыс Жұмалиев – мектеп оқушылары арасында дойбыдан «алтын» медаль;

Наурызбек Майлашев, Ержан Қабделов – самбодан ҚР чемпионатының «алтын» медаль иегерлері;

Абзал Дүсіпов, Жандос Назарбеков және Жанәлі Сәлімгереев – кикбоксингтен Бүкілресейлік ашық турнирдің «алтын» медалі; Айдын Тәжіғали - 1996-98 ж.т. жастар арасында еркін күрестен өткен ҚР чемпионатының «алтын» медаль жүлдегері;

Асқар Еспосынов, Айзада Алмаз – 1998-99 ж.т. жасөспірімдер мен қыздар арасында самбодан ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Анель Сүлейменова, Саида Қапсалыхова – жастар мен жасөспірімдер және қыздар арасында қазақ күресінен ҚР чемпионатының «алтын» медаль иегерлері;

«Санжар» командасы – ардагерлер арасында шағын футболдан ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Рашид Салауатов – бокстан «А» санаты бойынша Бүкілресейлік ашық турнирдің «алтын» медаль иегері.

 

Сәуір

Алмаз Мұратоллаев – КСРО еңбегі сіңген жаттықтырушысы И.В.Францевті еске алу құрметіне грек-рим күресінен өткізілген Бүкілресейлік турнирдің «алтын» медалі;

Рашид Салауатов, Әнуарбек Бекенбетов, Данат Қарымсақ, Азамат Досмағамбетов, Амандық Манашев – бокстан Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов жүлдесі үшін өткізілетін дәстүрлі турнирдің «алтын» медаль жүлдегерлері;

Анель Сүлейменова, Эльмира Самиғоллаева, Сайда Қапсалыхова - 1996-97 ж. т. жастар арасында самбодан ҚР чемпионатының «алтын» медаль иегерлері.

Әсел Серікова, Айнұр Боқашева, Батырғали Әбілмансур - WKF- карате бойынша «Astana Open» халықаралық турнирінің «алтын» медалі;

Қалыбай Тұрдалиев, Қажымұқан Нұрмағамбетов – мүгедектер арасында армрестлингтен ҚР чемпионаты-ның «күміс» медаль иегерлері;

Жансель Дениз – таеквондодан олимпиадалық лицензиялық турнирдің «алтын» медаль жеңімпазы (суретте);

«Бейбарыс» командасы – шайбалы хоккейден ҚР чемпионатының «алтын» медалі.

 

Мамыр

«Атырау Барыстары» командасы – баскетболдан ҚР Ұлттық лигасы чемпионатының «алтын» медаль жүлдегерлері;

Аслан Чапаев – белбеу күрестен ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Сырбаз Талғатов – Жастар арасында еркін күрестен ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Жүсіп Мұхтасип, Рамиль Маратов – муай-тайдан Қырғызстан ашық чемпионатының «алтын» медалі;

Мәдениет Құлман, Айзада Алмаз - 2000-01 ж.т. жасөспірімдер арасында самбодан халықаралық турнирдің «алтын» медалі;

Қайырберді Айдынбай, Жұмабай Парасат, Артур Альдешев – самбодан халықаралық турнирдің «алтын» медаль иегерлері; Талғат Жұмағалиев - панкратионнан Азия чемпионатының «алтын» медалі;

Талғат Егізбаев – дзюдодан АҚШ жастар чемпионатының «алтын» медалі;

Азамат Өтемісов - кикбоксингтен Әлем кубогінің «алтын» медалі.

 

Маусым

Наурызбек Майлашев, Ержан Қабделов, Айдынбай Қайырберді, Асқар Еспосынов – самбодан Азия чемпионатының «алтын» медалі;

Виолетта Шильман – жүзуден ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Қахарман Қисметов - 1996-98 ж.т. жастар арасында грек-рим күресінен Азия чемпионатының «алтын» медалі;

Айгүл Елеубай - таеквондодан «А» санаты бойынша халықаралық турнирдің «алтын» медаль иегері;

Берік Әлжанов - таеквондодан (GTF нұсқасы) ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Динара Ұзақбаева, Айдана Еділбаева, Арайлым Оразақова –таеквондодан «Казахстан Опен» халықаралық турнирінің «алтын» медаль жүлдегерлері;

Артем Карепанов – суға секіруден ҚР чемпионатының «алтын» медалі.

 

Шілде

Қанат Сейілхан - дзюдодан Еуропа кубогінің «алтын» медалі;

Асхат Тельманов – дзюдо-дан әлемдік гран-при турнирі-нің «қола» жүлдегері;

Жандос Назарбеков, Аллаберген Қайса - кикбоксингтен халықара-лық турнирдің «алтын» медалі;

Әсел Серікова - WKF карате бойынша «Корея Опен» халықаралық турнирінің «алтын» медаль иегері;

Абай Лұқпанұлы – еркін күрестен ҚР мектеп оқушылары спартакиадасының «алтын» медаль иегері.

 

Тамыз

Ниджат Рахимов – ауыр атлетикадан 2016 жылғы Рио Олимпиадасының «алтын» медаль иегері (суретте);

Аян Қабидоллаев – бокстан мектеп және колледж оқушылары арасындағы ҚР «золото» VIII жазғы Спартакиадасының «алтын» медалі;

Сұңғат Закарияев – қазақ күресінен II Бүкіләлемдік көшпенділер ойынының «алтын» медалі;

Марал Көшенов - қазақ күресінен ҚР спорт ардагерлерінің IV Спартакиадасының «алтын» жүлдесі.

 

Қыркүйек

«Атырау барыстары» командасы - 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында баскетболдан ҚР чемпионатының «алтын» медаль иегерлері;

Мақсат Әбдрахман - 2000-01 ж. т. жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Бүкілресейлік турнирдің «алтын» медалі;

Еламан Саясатов, Ишан Галлиев – муай-тайдан жағажайдағы Азия ойындарының «күміс» жүлдегерлері;

Лев Винс - панкратионнан әлем чемпионатының «алтын» медалі;

Эльмира Самиғоллаева, Сайда Қапсалықова – самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатының «алтын» медалі;

Назым Ищанова – бокстан студенттер арасындағы әлем чемпионатының «қола» жүлдесі;

Биғайша Махаева – мүгедектер арасында оқпен атудан ҚР чемпионатының «алтын» медаль иегері (суретте).

 

Қазан

Абзал Дүсіпов, Жанәлі Сәлімгереев, Жандос Назарбеков кикбоксингтен мықтылар турнирінің «алтын» жүлдесі;

Арғын Сабиров – қоян-қолтық күрестен «Динамо» спорттық қоғамының V Спартакиадасының «алтын» медалі;

Вали Фараджов - армрестлингтен әлем чемпионатының «алтын» медалі.

 

Қараша

Қайырбек Дүйсембаев, Әділет Сисенбаев – Азия вице-чемпионы М.Атбаевты еске алуға арналған 2000-02 ж. т. жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирдің «алтын» медаль жүлдегерлері; Назым Ищанова – Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және халық қаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған әйелдер боксының халықаралық турнирінің «алтын» медаль иегері;

«Атырау» ФК командасы (2007-08 ж.т.) – «Тараз» ФК бірінші президенті А.Байқоразовты еске алуға арналған республикалық турнирдің «алтын» медалі;

Арсен Бисенбай, Ерназар Түгелбай, Әділжан Амангельдиев, Еламан Өтегенов, Нұрай Кеңес, Абдурайым Тұрдиев, Нартай Сабырбай – ҚР муай-тай федерациясы кубогінің «алтын» медалі;

Абылай Капен, Бекзат Таяуғалиев – КСРО спорт шебері У.Нұркеевті еске алуға орай 2002-05 ж.т. жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен өткен халықаралық турнирдің «алтын» медалі;

Зарина Халиулла, Құралай Исақова, Динара Зинуллина – қыздар арасындағы бокстан республикалық турнирдің «алтын» медаль иегерлері;

Бекзат Жалғасов, Жастілек Шамарданов - 2001-03 ж. т. жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен өткен ҚР чемпионатының «алтын» медалі;

Назгүл Құбашева, Эльмира Самиғоллаева, Сұңғат Закарияев – дзюдодан ҚР чемпионатының «күміс» медалі;

Дзюдодан облыс құрамасы – ҚР кубогінің «қола» медалі.

 

Желтоқсан

«Атырау барыстары» командасы 2001 ж.т. – баскетболдан ҚР чемпионатының «алтын» медалі.

Шынар Сүйіндікова – белбеу күрестен әлем чемпионатының «күміс» жүлдегері;

Жандос Иманбаев, Бекболат Салықов және Наурызбек Майлашев – ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Қошқарбай Табынбаевты еске алу құрметіне арналған спорттық және жауынгерлік самбодан өткен ІІ халықаралық турнирдің «алтын» медаль жүлдегерлері;

Жадыра Хайруллина – жастар арасында таеквондодан ҚР чемпионатының «алтын» медаль иегері;

Динара Зинуллина – қыздар арасында бокстан мықтылар турнирінің «алтын» медалі;

Айзада Алмаз – 2000-01 ж.т. кадеттер арасында самбодан әлем чемпионатының «күміс» жүлдегері.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.01.2017 11:46

Мақаланың шыққан күні: 30.12.2016