Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру және қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті VIIІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Республикалық ономастика комиссиясының қарауына:

1) мынадай білім беру ұйымдарын:

Атырау облысы Атырау қаласының «Жалпы білім беретін №1 В.И.Ленин атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесін «Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

Атырау облысы Атырау қаласының «Жалпы білім беретін Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесін «Мақаш Бекмұхамбетов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

Атырау облысы Атырау қаласының «Жалпы білім беретін №18 Н.К.Крупская атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесін «Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

«Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі» «Атырау облысы Білім беру басқармасының» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын «Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

Атырау облысы Жылыой ауданының «№2 Құлсары балалар саз мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын «Зәбен Жарылғасов атындағы балалар саз мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

Атырау облысы Мақат ауданының «Мақат аудандық білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы «Доссор балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын «Рыспай Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта атау бойынша;

2) мынадай білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін:

Атырау облысы Атырау қаласының «Жалпы білім беретін №2 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Жұмекен Нәжімеденовтің есімін;

Атырау облысы Атырау қаласының «№33 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Қасым Қайсеновтің есімін;

Атырау облысы Атырау қаласының «Жалпы білім беретін №23 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсыновтың есімін;

Атырау облысы Атырау қаласының «№35 мектеп - гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне Хамит Ерғалиевтың есімін;

Атырау облысы Атырау қаласының «Жалпы білім беретін №22 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Әлия Молдағұлованың есімін;

Атырау облысы Атырау қаласының «Жалпы білім беретін №6 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Мұрат Мөңкеұлының есімін;

Атырау облысы Жылыой ауданының «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесіне Қабиболла Сыдиықұлының есімін;

Атырау облысы Жылыой ауданының «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесіне Жанша Таңқыбаевтың есімін;

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесіне Сәли Шәкірованың есімін;

Атырау облысы Жылыой ауданының «№2 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесіне Қуаныш Ғилымовтың есімін;

Атырау облысы Жылыой ауданының «№8 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесіне Саламат Мұқашевтың есімін;

Атырау облысы Қызылқоға ауданының «№1 мектеп - гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне Ығылман Шөрековтің есімін;

Атырау облысы Махамбет ауданының «Таңдай» орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Қаршыға Ахмедияровтың есімін беру бойынша ұсыныс енгізілсін.

2. Осы қаулы мен шешім оларға қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі Н.Ноғаев

Сессия төрағасы А.Абдолов

Мәслихат хатшысы С.Лұқпанов


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.12.2016 11:34

Мақаланың шыққан күні: 30.12.2016