Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Ішкі конкурс: E-R-3, E-R-4 санаттары, 2 бірлік

Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты, индексі-060400, мекен-жайы - Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, анықтама үшін телефоны: 8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22, e-mail: k_kadr_bolimi@mail.ru. Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты «Б» корпусындағы бос және уақытша мемлекеттік әкімшілік лауазымға ішкі конкурс жариялайды.

Құрманғазы ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «жұмыспен қамту» сектордың меңгерушісі, Е-R-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Бөлімшеге басшылық жасайды. Бөлімнің аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы жұмысының жоспарлы жүргізілуін қадағалайды және үйлестіреді. Бөлімге түскен құжаттарға мезгілінде жауап беріп отырады.

Аудан бойынша халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасын әзірлейді, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын белгілеуге байланысты жұмыстарды атқарды.

Жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындарына бірінші кезекте жұмыссыздық есебінде тұрғындарды орналастыруға жұмыстанады және оны бақылайды.

«Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту» электрондық ақпараттық дерекқор базасымен жұмыс жүргізеді, есептерін жоғарғы органдарға уақытында тапсырып отырады және жауапты болады.

«Жол картасы» және басқа да арнайы бағдарламалардың аудан бойынша орындалысын үйлестіреді және жауапты болады.

Заң талаптарына сәйкес жұмыссыздарды тіркеп есепке алу, есептен шығару, анықтама беру жұмыстарымен айналысады. Осы және басқа да жұмыстар жөнінде тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізеді.

Бөлім бойынша берілетін апталық, айлық, тоқсандық және жылдық есептерді мезгілінде беріп отыруға жауапты. Бөлім басшыларының басқа да тапсырмаларын орындайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

Жоғары: білім; гуманитарлық ғылымдар; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; құқық; техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маман-есепші, Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Түскен жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек қаржыларының мезгілінде төлеуін қадағалайды, осыған байланысты жұмыстарды үйлестіреді. Банкімен, басқа да мекемелермен уақтылы акт-сверка жасасып, жоғарғы органдарға есепті мезгілінде беріп отырады. Мекеменің бюджет есебін жүргізеді. Тиісті органдар алдында заңдар талабына сай есептерін береді. Касса ережесін қатаң сақтайды, мекеменің негізгі қорлары мен мүліктерінің есебін жүргізеді, олардың түгел, әрі сапалы жағдайда сақталуын қадағалайды. Қызметкерлердің еңбек ақыларын уақтылы алуын қамтамасыз етеді. Тағайындалған жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек қаржыларының дұрыстығын тексеріп отырады, ол жөнінде ұсыныстар береді және толық жауапты болады. Еліміздің оқу орындарына оқу ақысында бережақтары бар студенттердің оқу ақысын жергілікті бюджет есебінен төлеу жұмыстарын жүргізеді.

Аудан әкімінің білім беру көмегі бойынша еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқып жатырған студенттердің жыл сайынғы оқу ақыларының уақытылы төленуін қамтамасыз ету мақсатында іс-құжаттарын уақытында дайындап, төленуін қаматамсыз етеді.

Бөлім басшыларының басқа да тапсырған жұмыстарын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Құрманғазы аудан әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.12.2016 12:32

Мақаланың шыққан күні: 28.12.2016