Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдық мерекесіне орай өткізілген жиналыстың хаттамасы

«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдық мерекесіне орай өткізілген жиналыстың хаттамасы

Жиналысты Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұбаналиева Айгерім Шарипқызы жүргізді.

Қайырлы күн құрметті әріптестер!!!

Сіздерді еліміздің басты мерекесі-Қазақстан Республикасының тәуелсіздік Күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі күні еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр. Осыдан тура 25 жыл бұрын 1991 жылы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасына жаңа мемлекет болып–Қазақстан Республикасы енгізілді. Мемлекеттік нышандар жасақталып, Конституциямыз қабылданды. Осы жылдар аралығында біздің еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол–болашаққа басты жол» жолдауында атап өткендей, біздің елдің басты құндылықтары ол тәуелсіздік, ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім болып табылады. 25 жылдың ішінде бізде жаңа экономика мен жаңа тұтас қоғамы бар мықты мемлекет құрылды. Егеменді дамуының 25 жылында Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 елдердің қатарына енді, 2030 Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, 2050 Стратегиясын, «100 нақты қадам»: барлығына арналған заманауи мемлекет Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Бірақ ең басты байлығымыз-біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісім. «Бірлігі жеткен ел озады, бірлігі кеткен ел тозады» деген, барлық жеңістеріміздің қайнар көзі, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің қорғаны осы бірлік болып келетіні сөзсіз.

Сөзімді қорытындылай келе Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, қажымас қайрат, бақыт және егемендігіміздің мәңгілігін нығайтудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, баршаңызды тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын!!!

Назарларыңызға рахмет!

Жиналыс соңынан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25–жылдық мерекесіне байланысты Басқарма қызметкерлеріне облыс әкімі атынан және Басқарма басшысы атынан «Алғыс хаттар» табысталды.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2016 15:58

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2016