Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Мемлекеттік қызметшілеріне ағылшын курсын оқыту

Мемлекеттік қызметшілеріне ағылшын курсын оқыту

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты 2007 жылдан бастау алып, Мемлекет басшысы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үшбірлігі» әдепті жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды ұсынды. Дәл осы сәтті тәуелсіз Қазақстанның тіл саясатының жаңа нүктесі ретінде белгілеуге болады, ол қоғамдағы өз тиімділігінің деңгейінде әлем бойынша басқа елдердің алдында танымалдылығымен үлгі бола алатындай. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін озат ретінде бөліп шығару бұл Елбасының келесі сөздерімен түсіндіріледі: «Қазақстан бүкіл әлемге жоғары білімді ел ретінде қабылдануы тиіс, оның халқы үш тілді меңгерген. Олар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-халықаралық сөйлесу тілі және ағылшын тілі-жахандық экономикаға ойдағыдай кіргізу тілі».

Осы саясатты жүзеге асыру мақсатында, барлық ниет білдірушілерді негізгі үш тілде оқытуға бүгінгі күнге дейін коммерциялық негіздегі білім беру мекемелері құрылған және құрылады. Еліміздің әр облысындағы әкімдіктер жанынан облыстық тілдерді оқыту орталықтары жұмыс істейді, онда кез келген азамат мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде тегін оқи алады, сондай-ақ біздің өңірде де Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы қызмет атқарады. Ағылшын тілінің оқытушысы және әдіскері Маменова Зоя Қаражанқызымен «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ағылшын тілінен әр түрлі сатыдағы курстық лекциялар өткізілді.

Курс аяқталған соң, ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша тест тапсырып, ағылшын тілінен өткізілген курсты өткендігі жөнінде сертификат алады.

Аталған курстың нақты міндеттері, бұл мемлекеттік қызметшілердің теориялық білімін бастауыш топ көлемінде толық меңгерту, мәтінді әдемілеп, интонациясын келтіре мәнерлеп оқуға бейімдеу, бастауыш топ көлеміндегі сөздерді жатқа үйрету, белгілі бір тақырып көлемінде өз ойын жеткізе білу және де бастауыш топ көлемінде ауызекі сөйлеу, сұрақ қоя білу және оған жауап қайтару.

Аталған оқу орталықтарындағы оқуға деген тәсілдер мен әдістемелер заманға сай және тиімді, бұған дәлел оқыту орталықтарындағы сұраныстың өсіп келе жатырғаны. Облыстық тілдерді оқыту орталықтарының негізгі мақсаты тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын Қазақстан халқына Жолдауы.

Ағылшын тілінен өткізілген курсты қорытындылай келе дәрістің қаншалықты Басқарма қызметкерлеріне жеткізілгендігі жөнінде Маменова Зоя Қаражанқызымен ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың нәтижесімен Басқарманың қызметкерлеріне ағылшын тілінен өткізілген курстың қызметкерлермен толықтай игерілгендігі, белгілі бір тақырып көлемінде өз ойларын жеткізе білетіндіктері байқалды.

Қазақстандықтар үшін тілдердің үшбірлігі әсіресе маңызды, өйткені Мемлекет басшысымен уақытқа жауап беру ретінде тұжырымдалған болатын, қоғамдағы маңызды өмірлік қажеттіліктердің шешімі ретінде, жахандық әлемге белсенді аяқ басу болып келеді. Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа көшуі қарапайым шындықты түсіну және іске асыруға байланысты: жаңа білімдерді игерген адамға әлемнің ашылуы. Елбасының қолдауымен біздің мемлекет білім берудегі көптілділік тұжырымдамасын іске асыруға кірісті, өйткені көптілділік Қазақстанның бәсеке қабілеттілігін және этносаралық келісімді күшейтуге әкеледі.


Мемлекеттік қызметшілеріне ағылшын курсын оқыту Мемлекеттік қызметшілеріне ағылшын курсын оқыту Мемлекеттік қызметшілеріне ағылшын курсын оқыту Мемлекеттік қызметшілеріне ағылшын курсын оқыту Мемлекеттік қызметшілеріне ағылшын курсын оқыту


Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.10.2016 16:14

Мақаланың шыққан күні: 14.10.2016