Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және оның стандарттары» тақырыбындағы семинардың хаттамасы

«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және оның стандарттары» тақырыбындағы семинардың хаттамасы

Семинарды өзінің кіріспе сөзімен Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Баймағамбетова Алмагүль Төлегенқызы ашты.

Қайырлы күн құрметті әріптестер!!!

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және оның стандарттарының қызметкерлерге маңыздылығы мен қажеттілігін түсіне отырып, Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының меңгерушілері Есеналиева Ляззат Сансызбайқызымен Ғазизова Лаура Бауыржанқызы Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлеріне «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және оның стандарттары» тақырыбына семинар өткізуге келіп отыр.

Сөз Есеналиева Ляззат Сансызбайқызымен Ғазизова Лаура Бауыржанқызына беріледі.

Құрметті қатысушылар!

Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге қазақ тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақ тіліміз дамып, оның қоғамдық маңызы арта түсті. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, және іс қағаздарын жүргізу тілі» делінген. Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес құжаттар қазақ тілінде дайындалады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең колданылады. Іс қағаздарын қазақша жүргізу-мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Барлықтарыңызға белгілі, мемлекеттік қызметте негізгі жұмыс бағыты іс қағаздармен жұмыс жасау болып келеді. Құжаттау және құжат айналымы кез келген мемлекеттік органның беті. Сондықтан қызметтік іс қағаздарды тәртіпке сай дайындау мен рәсімдеу, құжат деректемелерін, қызметте қолданылатын терминдерді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қолдану, құжат айналым жүйесінде қорғауға жататын және құжаттарды қорғау құралдарын пайдалану тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің тілдік тұлғасын қажетті деңгейге арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сүйене отырып іс қағаздарын жүргізеді. Қызмет барысында іс қағаздары дұрыс, барлық талаптарға сай, еш қатесіз толтырылуы қажет. Іс қағаздарын жүргізу 3 бағытқа бөлінеді, жеке адам өміріне қатысты іс құжаттар, қызметтік іс құжаттар, азаматтық қарым-қатынасты реттейтін іс құжаттар. Жеке дара іс қағаз дегеніміз ол жеке басты адамға қатынасты іс қағаздар өтініштер, арыздар түйіндемелер т.б., қызметтік іс құжаттар дегеніміз бұл өкімдер, шешімдер, қаулылар, бұйрықтар және т.б., азаматтық қарым-қатынасты реттейтін іс құжаттар олар қолхаттар, келісім-шарттар, сенімхаттар және т.б.

Аталған семинардың нақты міндеттері, бұл мемлекеттік мекемелердің құжат айналымын нормативтік және құқықтық тұрғыда жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелерде құжаттаманы басқару тәртібін белгілеу, үлгілік іс қағаздарының түрлерімен таныстыру, орфографиялық ережелерге сай құрастыруды игерту, мемлекеттік органдағы құжаттармен жұмыс істеуге әдістемелік басшылық жасауды, белгіленген тәртіптің сақталуын бақылауды дағдыландыру болып келеді.

Семинардың мақсаттары іс жүргізудің тиімді әдістемелерін қолдана отырып, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, басқарушылық қызметтегі құжаттама әзірлеуді, құжаттаманы басқару тәртібін игерту және белгіленген тәртіппен жазу дағдыларын қалыптастыру, қолданыстағы іс қағаздарының нормативтік құқықтық актілерімен тиімді жұмыс жасау жолдарын көрсету, семинар бойынша меңгерілген білімді мемлекеттік қызметшілер күнделікті практика жүзіндегі қызметтерінде құжаттарды жүргізу барысында қолдана білуі.

Іс қағаздарын жүргізу-мекеме жұмысының нақты құжаттарымен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Біз Сіздерге әрқашанда мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында лекциялар, семинарлар өткізуге дайынбыз, біз Сіздердің сенімді серіктестігіңіз екенін ұмытпаңыз, барлығымыз Мемлекет игілігі үшін қызмет атқарамыз.

Назарларыңызға рахмет! 

Семинар соңынан «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және оның стандарттары» тақырыбындағы семинарға қатынасқан Басқарма қызметкерлеріне сертификаттар табысталды.


Протокол семинара на тему «Стандарты ведения делопроизводства на государственном языке» сотрудникам «Управления государственных закупок Атырауской области» Протокол семинара на тему «Стандарты ведения делопроизводства на государственном языке» сотрудникам «Управления государственных закупок Атырауской области» Протокол семинара на тему «Стандарты ведения делопроизводства на государственном языке» сотрудникам «Управления государственных закупок Атырауской области»


Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.10.2016 15:48

Мақаланың шыққан күні: 14.10.2016