Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Евгений Ухов - әлем рекордшысы

Кір тасын көтеруден ардагерлер арасында әлем чемпионы, Атырау қаласының №21 мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі Евгений Михайлович УХОВ (суретте) кір тасын көтеру марафонында жеке рекордын (16 келілік кір тасын бір қолмен кезек-кезек оң және сол қолдарымен еденге түсірместен жұлқи көтеріп) жаңсартты.

Оның бұл жетістігіне «Мұнайшы» орталық жүзу бассейнінің тренажер залында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Игор МИРГАМБАЕВжәне №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Арман ӨБИЕВ куә болды.

- Евгений Михайловичтің осы жылдың сәуір айында қол жеткізген бұрынғы жеке рекорды екі сағат ішінде 2060 көтеруді құрады. Енді ол көтеру санын 2146-ға жеткізді, ал бұл әлемдік рекорд! – дейді И. Миргамбаев. – Біз әлемдік рекордты тіркету үшін хаттаманы кір тасын көтеру спорты шеберлерінің халықаралық конфедерациясының президенті Анатолий Николаевич Ежовқа жолдайтын боламыз.

Даңқты атлеттің өзі «АЖ»-ға бұл рекордын ұстаздар күніне арнайтынын мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.09.2016 18:28

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2016