Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Таеквондодан еуропалық алтын

18 қыркүйекте Атырау қаласының әуежайында облыстың спорт сүйер қауымы Еуропа чемпиона-ты өткен Варшавадан алтын медальмен оралған паратаеквондошы Нұрлан ДОМБАЕВТЫ (суретте) салтанатты түрде қарсы алды.

Нұрланның жасы 35-те. Ол 4-ші ықшам ауданда тұрады, екі жылдан бері Авангард ықшам ауданында орналасқан №1 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде паратаеквондомен айналысып келеді. Оның жаттықтырушылары Асан ҚАСАЕВпен Асқар ТОҚТАБАЕВ.

– Нұрлан алдына үлкен мақсат қойған, өте еңбекқор. Ол дені сау спортшылармен қатар жаттығады және оларға дес бермейді. Біз оның жеңісіне еш таңданғанымыз да жоқ. Бұл оның жарысқа барған алғашқы сапары (Қазақстанда паратаеквондо бойынша ел чемпионаттары өткізілмейді) және міне, бірден мынадай жетістік. Біз оған ҚР халықаралық санаттағы спорт шебері атағын алуға құжаттар жинауымыз керек,– деп хабарла-ды жаттықтырушы А. Тоқтабаев.

Нұрлан «алтынды» Еуропа чемпионатында бірде-бір жекпе-жек өткізбестен алды.

– Менің 75 келіден жоғары салмағымда қатысушылар аз болды. Сондай-ақ, К-47 мүгедектік санатым бойынша мені бірден финалға Хорватия спортшысымен қойды. Бірақ, ол жекпе-жекке шыққан жоқ, – деп түсіндірді Нұрлан әуежайдағы кездесуде. Нұрланның анасыҮміткен ДАУМОВАНЫҢ айтуынша, олардың басына қайғы 1995 жылы 9 мамырда келген. Сол жылдары олар Колхоз базары ауданында тұрған. Нұрлан көшеде ойнап жүріп, бағаннан салбырап тұрған жалаңашталған сымды қолымен ұстап қалған. Нұрланның өзі баяндағандай, сым оның қолына желімдей жабысып қалған. Екінші қолымен алып тастауға тырысқан оны қайталай ток ұрған. Ауруханада баланың екі қолын да шынтақтан сәл төмен кесіп тастайды. Алайда, Нұрлан өзін ешқашан мүгедекпін деп мойындаған емес. Ол әңгімешіл және спортты сүйіп өсті. Отбасын құрды, бұл күнде Адия есімді қызы өзімен берге таеквондаға барады.

А. Тоқтабаевтың айтуынша, осы Еуропа чемпионатында 2020 жылы Токиода өтетін параолимпиадаға қатысу үшін рейтингтік балл жинау басталды. Паратаеквондо алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енгізілді. Осылайша, Нұрлан Еуропа чемпионы атанып, алғашқы рейтингтік балл жинады.

Еуропа чемпионатында барлық Қазақстан құрамасы екі «алтын», бір «күміс» жеңіп оралды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.09.2016 18:24

Мақаланың шыққан күні: 22.09.2016