Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Ниджат жаман кеңес бермейді

Бүгін Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада чемпионы Ниджат РАХИМОВ №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балаларымен кездесті.

Спорт мектептің жас штангышыларының чемпионмен кездесуін дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған. Балалар мұнда 8 жастан бастап қатысып, салмақ жинай бастайды. Олар Атыраудан Риоға барған ауыр атлеттің өнер көрсетуге шығуын күтіп, түнімен ұйықтамады, оның техникасына таңданып, Ниджат чемпион атанған сәтте бәрінен бұрын қуаныштан айқайлап жібергендер де солар болды. Ал енді олар өзімен тікелей кездесіп, оған сұрақ қойып, қолтаңба алу үшін қобалжуда. Біреулері оған фотосуретін, енді бірі спорттық сөмкесін ұсынып, тағы бірі кеудесін тосып, ақ футболкасына қолтаңбасын беруін сұрап жатты... Ниджат бәріне қол қойды. Чемпион қуана-қуана кез келген тілек білдірген баламен селфиге түсуге келісіп, барлық сұрақтарға жауап берді. Өзінің сұрағына ең қызықты жауап алғандар көршілес секциядағы шахматшы қыздар мен ер балалар болды:

– Ал сізге шахмат ойнаған ұнай ма, сіз оны ойнайсыз ба?

– Ойнамаймын, – деді чемпион қыздардың көңілін түсіріп. – Ойнай алмаймын, бірақ шахмат ұнайды!

Ниджат чемпион атанудың басты құпиясымен бөлісті. Оның кеңесі мынадай:

Егер спортпен айналыссаңыздар, жарыстарға дайындалыңыздар, алдыңызға ең биік мақсат қойыңыз – чемпион боламын деген. Егер екінші немесе үшінші орын аламын деп ойласаңыз, ешқайда барудың қажеті жоқ, үйде отырыңыздар.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.09.2016 17:14

Мақаланың шыққан күні: 06.09.2016