Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.06.2018

Қызметтер

«Достық аруы 2016»

2016 жылдың 3 маусым күні «Жас қоғам» жастар бастамаларын қолдау қорының ұйымдастыруымен «Құрманғазы» атындағы мәдениет сарайында әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Достық Аруы 2016» сұлулық байқауы өткізілді. Байқауға Атырау облысындағы 16-29 жас аралығындағы 9 жас қатысты.

Байқау «Мен отбасыммен мақтанамын» (қатысушылардың қазақ тілінде өздерін таныстыруы), «Туған елім, туған жерім» (шығармашылық бөлім), «Он саусағынан өнер тамған...» (өзінің ұлттық нышанында қуыршаққа тігілген киім үлгісін қазақ тілінде және ана тілінде әңгімелеу) және «Отбасымыздың мерекелік тағамдары» (байқауға қатысушылардың ұлттық сипаттағы үйден дайындалған тағамдары) барлығы 4 бөлімнен тұрды.

Сайыс нәтижелері бойынша 1-ші орынды қалалық №30 орта мектебінің оқушысы Сафронова Лиза, 2-ші орынды Орал қаласынан келген қатысушы Павлычева Нина, 3-ші орында Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің студенті Рябова Юлия иеленді.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға алғыс хаттар, гүл шоқтары және демеушілерден бағалы сертификааттармен марапатталды. Байқауға қатысқан көрермендер саны шамамен – 100 адам.

 

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.09.2016 12:23

Мақаланың шыққан күні: 07.06.2016 00:00