Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Алтын медальға қоса пәтер берілді

Олимпиада чемпионы Ниджат РАХИМОВҚА Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды.

Атырау әуежайынан штангышы Ниджат Рахимов пен таеквондошы Жансель ДЕНИЗДЫ олимпиадашыларды салтанатты құттықтау және марапаттау шарасына алып кетті.

Олимпиада чемпионы Рахимов облыс тұрғындарына үлкен қолдаулары үшін алғыс айтты: «Мен үшін көк туымыздың астында жарысқа шығу және оны Олимпиада ойындарында желбірету үлкен абырой болды».

Алғыс сөздерін айтып спортшының ата-аналары да өңір тұрғындарына ризашылықтарын білдірді. Оларға салтанатты шарада қазақтың ұлттық шапандарын кигізді.

«Ниджаттың алтын медалі – барлық қазақстандықтардың қосқан үлесі», – деп есептейді чемпионның туыстары.

Құттықтау сөзінен соң Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Ниджат Рахимовқа Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйлады. Өйткені Ниджат астанада тұрады және сонда жаттығады. Таеквондашы Жансель Дениз екі миллион теңгенің сертификатына ие болды. Ол келесі ірі жарыстарда өзін көрсететініне уәде берді.

Марат ТАКУЛИН
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.09.2016 16:50

Мақаланың шыққан күні: 05.09.2016