Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Атыраулықтар Олимпиада чемпионын күтіп алды

Атыраулықтар бүгін Олимпиада чемпионы, ауыр атлет Ниджат РАХИМОВТЫ күтіп алды. Жергілікті әуежайдағы VIP-аймақта болған мерекелік қарбалас таңертеңнен басталды: қызыл раушан гүлдер шоғы, осында автобуспен келген оркестр және жүз шақты оқушы. Белгіленген уақытқа таяу әуе айлағына қарай ресми тұлғалар келіп жетті: Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат БЕКЕТ және облыс әкімі Әлібек НӘУТИЕВ.

Алайда, бәрінен бұрын Ниджатты оның ата-анасы мен қарындасы көргісі келген сияқты. Ұлы мен ағасын жақындары күнде көре бермейді, бәрі де қатаң спорттық кестеге байланысты. Ұшақтың басқышынан түсіп келе жатқан Ниджат Рахимов чемпион атағына үйренбеді ме, қымсынғанын жасыруға тырысты. Ал өзіне жақын адамдардың құшағына енген кезде қуаныштан жүзі бал-бұл жайнады.

Ниджат бақылау аймағынан енді өте бергенде, оны күтіп алушылар айқайлап-шулап, ду қол шапалақпен қарсы алды. Спортшы қымыз бен бауырсақтан дәм ауыз тиген соң, адамдарға толы дәліз бойымен жүріп өтті. Олимпиада чемпионы жастармен суретке түсіп, қолтаңбасын берді. «Ниджат – чемпион!» деген көтеріңкі дауыстар әр жерден естіліп жатты. Риода алтын медаль иегері атанған спортшы кабриолетке мініп, Қазақстан жалауын қолына ұстап, қала көшелерімен жүріп өтті. Мерекелік колоннаны байкерлер тобы бастап жүрді.

Марат ТАКУЛИН
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.09.2016 16:48

Мақаланың шыққан күні: 05.09.2016