Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

«Атырау» ФК директорының орны бос тұр

«Атырау» ФК-ның бұрынғы директоры Асылбек Жүнтербаев

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат БЕКЕТ «Атырау» футбол клубының директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВТЫҢ отставкасын қабылдағанын хабарлады. Алайда, бұрын «Ақжайық» ФК (Орал) директоры болып жұмыс істеген Бағдат АҒНИЯЗОВТЫ бұл орынға тағайындау туралы БАҚ-та жылт еткен хабарламаны теріс ақпарат деп атады.

А. Бекеттің айтуынша, Б.Ағниязов «Атырау» ФК-ға жұмысқа команда басшысы лауазымына алынған. Ал, «Атырау» ФК директорының креслосы 26 тамыздан бері бос тұр. Директор орынбасарының міндетін атқарушы Тимур НИГИМОВ («Атырау» ФК-да орынбасар болмай тұрып ол «Ақжайық» ФК-нің сол лауазымында жұмыс істеген). А. Бекеттің айтуынша, директорды тағайындау қашан болатынын ол білмейді, әртүрлі нұсқалар қарастырылуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.09.2016 16:44

Мақаланың шыққан күні: 28.08.2016