Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

«Бейбарыс» клубы жабылмайды!

«Бейбарыс» клубы жабылмайды!«Бейбарыс» хоккей клубы жабылмайды! Бұл туралы бүгін өткен облыстық мәслихат сессиясында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

«Біз оңтайландыру мәселесін айтып отырмыз. Қарасаңыздар, «Бейбарыстағы» 35 ойыншының көбі дерлік легионерлер. Бірақ, біздің ойымызша, бұқаралық спортты өз ішімізде көбірек дамыту керек. Елбасының да осындай арнайы тапсырмасы бар. Легинонер спортшыларды алу қажет әрине. Себебі, олардың кәсіби шеберлігі, біліктілігі жоғары. Біз оларды келмесін демейміз, келсін. Бірақ, сегіз жыл ішінде атыраулықтарды ғана емес, барлық қазақстандық ойыншыларды үйрететін кез келді. Біз легионерлерді спортпен шұғылданушыларға үлгі болсын, спортпен айналысушылардың саны көбейсін деген ниетпен шақырамыз. Сондықтан, бұл жерде бүкіл команданы легионерлерден құрау емес, оған жергілікті спортшыларды тарту мәселесі тұр.

Осы мәселе бойынша менің атыма жанкүйерлердің атынан көптеген хаттар келіп түсуде. «Хоккей клубын жаппау керек» деп, депутаттар да арнайы келіп, айтып жатыр. Хоккей клубы жабылмайды! Бірақ, біз команданы оңтайландыру мәселесімен айналысамыз. Ол сөзсіз. Қазіргі таңда хоккеймен айналысатын балаларымыз да өсіп келе жатыр. Демек, хоккейге жергілікті спортшыларымызды да тартуымыз керек. Тағы да қайталап айтамын, хоккей клубы жабылмайды!» деді ол.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА
http://atr.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.08.2016 11:31

Мақаланың шыққан күні: 04.07.2016