Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Болашағы зор спортшы

Болашағы зор спортшыАтырау қалалық №1 мектеп-интернатының 17 жастағы тәрбиеленушісі Артем КАРЕПАНОВ (суретте – сол жақта) облыс тарихында алғашқы боп суға секіруден ҚР спорт шеберінің нормативін орындады.

Алматыда ел чемпионатына қатысқан Артем жеке секіруден екі алтын алқа және алматылық Вячеслав Гудковпен жұптасып синхронды секіруден үш қола алқа иеленді. Осы сайыстар жастар арасында өткізілді.

Ал ересектер арасында ол алматылық Роман Розыбакиевпен бірге синхронды секіруден «күміс» алды. ҚР чемпионатының ережесі бойынша жүлделі орындардың иегерлеріне спорт шебері атағы беріледі.

Облыстың аға бапкері, Украинаның еңбек сіңірген бапкері Владимир МОЛЧАНОВ әңгімелейді:

– Артем атыраулық суға секірушілердің арасындағы «алғашқы қарлығаш». Ол бізге екі жыл бұрын ҚР Еңбек сіңірген бапкер Рашид Мусин бапкерлік еткен грек-рим күресі секциясынан ауысып келген еді. Қазір ол 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Алексей Пригоровпен жұптасып дайындалуда. Алексейдің өзі осы чемпионатқа қатысқан жоқ. Ол Азия чемпионатына дайындалуда. Риода өтетін Олимпиадаға біз онымен бармаймыз. Өйткені, оның азаматтығын ауыстыру туралы құжаттарға тек 18 ақпанда ғана, Бразилиядағы лицензиялық турнир басталуға бір күн қалғанда қол қойылды, өте кеш еді. Бірақ мен Пригоров пен Карепановтың 2020 жылы Олимпиадаға қатысатындығына сенімдімін.

Артемге оралайық: ол өте еңбекқор әрі табанды жігіт. Балалар үйіндегі басқа тәрбиеленушілер секілді «тапатады». Сондықтан спорт нәтижелері осылайша тез өсуде. Оны Астана мен Алматы құрамалары үшін қатысуға шақыруда. Бірақ мен оны жібермеймін. Сіздер оны әлі-ақ 2020 жылғы Олимпиададағы батырлар арасынан көретін боласыздар!

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.08.2016 11:20

Мақаланың шыққан күні: 30.06.2016