Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Облыстық спорт басқармасында жаңа басшы

Облыстық спорт басқармасында жаңа басшыАтырау облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының жаңа бастығы болып Азамат БЕКЕТ тағайындалды.

Түйіндемеге қарағанда, 33 жастағы Бекеттің өзі де спорт алаңында, дәлірек айтқанда, рингте біраз жетістіктерге жеткен. Ол бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР құрамасында көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған, ТМД достық әскері спартакиадасының чемпионы, Орталық Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Қазақ гуманитарлық-заң университеті мен Экономика және құқық академиясын тәмамдаған. 2004-2013 жылдары Астана, Алматы, Батыс Қазақстан мен Алматы облыстарының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменттерінде (қаржы полициясы) жұмыс жасаған. Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасына басшылық еткен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
http://azh.kz/


Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.08.2016 10:38

Мақаланың шыққан күні: 11.05.2016