Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Жалпы конкурс: E-R-4, E-G-3, E-R-5, E-G-4 санаттары, 9 бірлік

Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жалпы конкурс жариялайды. 060400, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 11 және 12 кабинет, телефон:8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22 электрондық почта: k_kadr_bolimi@mail.ru.

 

Ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маман-есепші, Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Түскен жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек қаржыларының мезгілінде төлеуін қадағалайды, осыған байланысты жұмыстарды үйлестіреді. Банкімен, басқа да мекемелермен уақтылы акт-сверка жасасып, жоғарғы органдарға есепті мезгілінде беріп отырады. Мекеменің бюджет есебін жүргізеді. Тиісті органдар алдында заңдар талабына сай есептерін береді. Касса ережесін қатаң сақтайды, мекеменің негізгі қорлары мен мүліктерінің есебін жүргізеді, олардың түгел, әрі сапалы жағдайда сақталуын қадағалайды. Қызметкерлердің еңбек ақыларын уақтылы алуын қамтамасыз етеді. Тағайындалған жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек қаржыларының дұрыстығын тексеріп отырады, ол жөнінде ұсыныстар береді және толық жауапты болады. Еліміздің оқу орындарына оқу ақысында бережақтары бар студенттердің оқу ақысын жергілікті бюджет есебінен төлеу жұмыстарын жүргізеді.

Аудан әкімінің білім беру көмегі бойынша еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқып жатырған студенттердің жыл сайынғы оқу ақыларының уақытылы төленуін қамтамасыз ету мақсатында іс-құжаттарын уақытында дайындап, төленуін қаматамсыз етеді.

Бөлім басшыларының басқа да тапсырған жұмыстарын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: Есепші, экономист, қаржыгер.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе С-R-5, Е-R-5, Е-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, ЕR-4 санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Әкімшілік аумақтық елді мекеннің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының жобасын әзірлеуге және оның орындалуын қадағалауға; ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға;«Атырау облыстық ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы берілген бюджеттік несиелердің ай сайынғы қайтарылым төлемдері жөнінде есеп айырысу (акт сверка) жұмыстарын жүргізуге; «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бюджеттік несие алушылардың ай сайынғы қайтарым төлемдерін уақытында төлеуіне ықпал жасауға;«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша мәліметтерді жинақтауға, тиісті органдарға ұсынуға, қорытындылар жасауға;бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сапалығын, қолжетімділігін, мерзімділігін, сыпайлығын қамтамасыз етуге;

аудан әкімдігінің интернет-ресурсына мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын, регламенттерін www.atyrau.gov.kz сайтына орналастыруға; шекара маңында елді мекендерді дамыту жөніндегі 2004-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарын әзірлеу, тиісті мәліметтерді жинақтау, қорытындылау, мерзімінде ақпарат ұсынуға; бөлімнің кадр жөніндегі есебін жүргізуге және аудан әкімі аппаратына ұсынуға; е-қызмет ақпараттық желісінің жұмысын үйлестіруге; өзіне тапсырылған міндеттерді мерзімінде, әрі біліктілікпен орындауды қамтамасыз етудің шараларын алуға міндетті.,

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: экономикалық, қаржылық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Округ бойынша Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарының орындалуына жауапты, жоспарлар жасақтап, шаралар ұйымдастарды;

Көп балалы аналарды наградаға ұсынады және іс қағаздарын толтырып аудан әкімдігіне жолдайды;

Аудан орталығында Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелік күндер бойынша шаралардың ұйымдастырылуына жауапты, округ бойынша өтетін шаралар мен жиындарға мекеме қызметкерлерінің және тұрғындардың қатынасуын ұйымдастырады;

Қоғамдық ұйымдардың (ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, жастар ұйымы т.б) жұмыстарының ұйымдастырылуына көмектесу, округ әкімі жанындағы қоғамдық ұйымдардың жұмысына басшылық жасап, қадағалап отырады;

Округ бойынша мемлекеттік жастар саясатының жұмыстарын үйлестіреді, жастарды қорғауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси-ұйымдастырушылық, құқықтық іс-шаралардың дайындалуы мен өткізілуін қамтамасыз етеді, округ аумағында орналасқан мектептер, діни ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды;

Көшелердің безендірілуі, бильбордтарды жаңарту бағытында ұсыныстар дайындау, мекемелер мен ұйымдарға өз ғимараттары жанында безендірулер мен көрнекі құралдар орнаттыру және орындалысын қадағалау;

Округ аумағында орналасқан барлық заңды және жеке тұлғалардың баспасөзге жазылуын қадағалап, ол жөнінде аудан әкімшілігіне есеп беріп отырады;

Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай болуына және Заңдылыққа сай уақытында жойылуына жауапты;

Өз міндетіне сәйкес хабарламалардың сапалы дайындалуына жауап береді және уақытылы берілуін қамтамасыз етеді;

Өзінің жауапты саласына байланысты түскен арыз-шағымдарға Заңнамалар талабына сәйкес уақытылы жауап береді;

Округ әкімінің және округ әкімі орынбасарының жүктеген басқа да қызметтерді атқарады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: педагогикалық, гуманитарлық, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Округ бойынша салық базасын кеңейту жөнінде іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты;

- Ауылдық округ бойынша егіндік жер, егілетін егіннің және егін өнімінің, дайындалатын мал азығының есебін алуды жүргізеді және статистикалық есептерін жүргізіп, уақытылы аудандық ауылшаруашылығы бөліміне және статистика бөліміне тапсырады;

-Егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының иелігіндегі жерлерінің құжаттарының толық болуын қадағалайды, олар жөнінде аудандық ауылшаруашылық бөліміне уақтылы есеп беріп отырады және ұсыныстар дайындайды;

- Округ есебіндегі тұрғындарға отбасы құрамы және қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтамаларды дұрыс беруге;

- Жер, мүлік салықтары жөнінде округ тұрғындарына хабарламаларды таратуға, уақтылы орындалуына тікелей жауапты;

- Ауылдық округтің шаруашылық кітаптарының сапалы толтырылуына жауап береді;

- Округ тұрғындарын есепке алу және шығару жұмыстарын жүргізеді;

- Әскер қатарына шақырылатындардын тізімін жасап бақылауға алу, әскер жасына жеткен жастардың есебін дайындау және аудандық әскери комиссариатпен тығыз байланыста жұмыс жүргізу;

-Ауылдық округ бойынша учаскелік инспекторлармен біріккен жұмыстарды ұйымдастырады, жазасын өтеп келген азаматтармен жұмыс жүргізу, құжаттары жоқ азаматтарға құжаттар алдыру бағытында жұмыстар жүргізеді;

-Өз міндетіне сәйкес хабарламалардың сапалы дайындалуына жауап береді және уақытылы берілуін қамтамасыз етеді;

-Өзінің жауапты саласына байланысты түскен арыз-шағымдар мен өтініштерге Заңнамалар талабына сәйкес уақытылы жауап береді;

- Округ әкімінің және округ әкімі орынбасарының жүктеген басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: экономикалық, қаржыгерлік, бухгалтерлік, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің жетекші маманы, E-R-5 санаты-1 орын.

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына қарай 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.

Лауазымдық функционалдық міндеттері:

Ауыл шаруашылығы малдарына арналған ветеринариялық алдын-алу және емдеу іс-шараларының жүргізілу барысына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес, белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді және оларды ұсынады. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарладың эпизоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын бақылайды және қадағалайды, эпизоотиялық зерттеп қарау актісін береді.Ветеринария мәселелері бойынша аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындау. Жеке және заңды тұлғалармен ҚР «Ветеринария туралы» заңының орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді бақылайды және қадағалайды. Аудан көлеміндегі ветеринариялық объектілерде ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталуын бақылайды және қадағалайды.

Бөлім басшысының ветеринария саласы бойынша қосымша тапсырмаларын орындайды.

Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, заңдарды ақпарат арқылы заңды, жеке тұлғаларға насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары немесе ортадан кейінгі не орта техникалық немесе кәсіптік: ветеринариялық.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Құрманғазы ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты.

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Лауазымдық функционалдық міндеттері:

Құрылыс мөлшерлері мен ережелеріне және жобаларға сәйкес құрылыс тәртібін, технологиясын бақылау; бағдарлама әкімгері бөлім болатын құрылыс нысанының жұмыс көлеміне бақылау жүргізеді; мемлекеттік және басқа да мекеме сұраныстарына жауап дайындайды; құрылыс саласы бойынша жергілікті әкімдіктермен, мердігер мекемелермен тығыз байланысты жұмыс жүргізу; құрылыс нысандарына техникалық тапсырма, техникалық специфика дайындау, құрылыс жұмысы жүргізілетін құрылыс, қайта жаңарту нысандарына тиісті мекемелерден техникалық талаптар алу, бөлім басшысының бұйрықтарымен және басқада нұсқауларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары Инженер-құрылысшы, сәулетші, инженер-жерге орналастырушы, инженер-жобалаушы.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Байда ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маман есепші, E-G-4 санаты.

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына қарай 62462 теңгеден 84116 теңгеге дейін.

Лауазымдық функционалдық міндеттері:

Тауарларды, жұмысты және қызметті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады; Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша қаржы-шаруашылық есебін жүргізеді; Қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындайды; Бюджет бойынша шағын сметасын жасақтап, есептейді, ақшаны сметаға сәйкес қолдануды жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша банктік есепшот және кассалық кіріс-шығыс құжаттарын жүргізеді. Қаржының жұмсалуы жөнінде айлық, тоқсандық, жылдық есептерін қаржы бөліміне тапсырады. Бухгалтерлік, статистикалық және салық бойынша есептесулер жүргізеді. Елдің экономикалық даму бағдарламаларын жасауды ұйымдастыру; Округтегі түрлі салық төлемдер жұмыстарын ұйымдастырады; Мемлекеттік қызметкердің қызмет этикасын сақтауға міндетті; мемлекеттік қызмет туралы Заңды орындауға міндетті;

Округ әкімі аппаратының бас маманына округ әкімінің құзыретімен заңдарда белгіленген тәртіпке қайшы келмейтін басқа да міндеттер жүктелуі мүмкін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары немесе ортадан кейінгі не орта техникалық немесе кәсіптік білім: экономикалық, бухгалтерлік, қаржыгерлік

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Орлы ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты.

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына қарай 62461 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Лауазымдық функционалдық міндеттері:

Халық жиындарын, аппарат мәжілістерін өткізу, жиын хаттамаларын жүргізу, ауданға ұсыну; округтің жұмыс жоспарын, іс- шаралар жоспарын жасақтау,азаматтардың өтініштері, арыз шағымдарымен жұмыс, статистикалық есептер, хабарламалар, ақпараттарын аудандық бөлімдерге уақытында ұсыну;округ әкімінің нормативтік құқықтық актілері жобаларын дайындау;округке қарасты елді мекендерде жерге орналастыру мәселесі бойынша аудандық жер қатынастары бөлімі мен аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімімен бірігіп жұмыстарды ұйымдастыру; әкім аппаратының істер номенклатурасын жасақтау, аудандық мұрағат арқылы беркіту; округ бойынша тыл еңбеккерлері мен ауған жауынгерлеріне қатысты жұмыстарды ұйымдастыру, мәліметтерін беру; қоғамдық ұйымдармен (ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, мүгедектер қоғамы, жастар ұйымы) байланыс, тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; округ бойынша мүгедектердің тізімін нақтылау, жаңартып отыру, ай сайын аудандық бөлімге тізімін ұсыну, құжаттарының дұрыстығын қадағалау, жұмыстарын ұйымдастыру;мәдени, спорттық шараларды ұйымдастыру; «Лотус-Нотус»бағдарламасы арқылы кіріс-шығыс құжат айналым жұмыстарын үйлестіру, тіркеу уақытылы тарату; аудандық мұрағатқа тапсырылатын құжаттардың дұрыстығын тексеру, есебін жүргізу, жинақтап тапсыру; әкімнің тапсыруы бойынша басқа да жұмыстарды атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім, педагогикалық, гуманитарлық, мемлекеттік және жергілікті басқару, заңгерлік, экономикалық, техникалық, ауылшаруашылық мамандықтары

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Нұржау ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маман есепші, E-G-4 санаты.

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына қарай 62461 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Лауазымдық функционалдық міндеттері:

Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының, мемлекеттік сатып алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және олардың орындалуын ұйымдастыруды үйлестіру; Қаржының жұмсалуы жөнінде айлық, тоқсандық, жылдық есептермен салық, статистикалық салаға қатысты есептіліктерді жүргізу, тапсыру және Мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталымен, «Парус» Қазынашылық клиент жүйесі т.б. бағдарламалар бойынша жұмыстарды атқару. Ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша қаржы-шаруашылық есебін жүргізеді, қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындайды; Округ әкімі аппаратының қаржылық есеп жұмыстарын жүргізу, кіріс көздерін қалыптастыру, коммуналдық мүліктерді жалға беру мен мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім-шарттар жасау жұмыстарын ұйымдастыру; Округ балансындағы негізгі қорлар мен коммуналдық мүліктердің, материалдық құндылықтардың сақталуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етуді, қадағалау; Ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша бухалтерлік жұмыстарды, банктік есепшот және кассалық кіріс шығыс құжаттарын жүргізу; Өзін-өзі басқару счетінің кіріс және шығыс есептерін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім: экономикалық, бухгалтерлік, гуманитарлық, заңгерлік, ауылшаруашылық, техникалық, педагогикалық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Құрманғазы ауданы әкімдігінің және мемлекеттік қызмет істері уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары бекітілді. Аталған Қағиданың 29, 30 тармақшаларына сәйкес конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.07.2016 11:47

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016