Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.07.2018

Қызметтер

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 қаулысына сәйкес, Индербор кенті аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Индербор кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің кенттік аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары Н.Қарақұловқа жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Индербор кентінің әкімі А. Құсайнов

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.07.2016 13:27

Мақаланың шыққан күні: 08.07.2016 00:00