Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Борышты өсімпұлсыз қайтар!

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) «Борышты өсімпұлсыз қайтар!» акциясын өткізеді.

Акцияның мерзімі 2016 жылғы 1 шілдеден 1қазанға дейін.

Мақсатты топ қарыз алушылар/ лизинг алушылар Қоғам алдында 2016 жылғы 1 шілдеге мерзімі өткен берешегі бар жеке және заңды тұлғалар.

Акция шеңберіндегі өтеу қарыз алушы/ лизинг алушымен өтелетін қаржыны Қоғамның есептік шотына аудару жолымен өткізілу мүмкін.

Акция өткізудің негізгі талаптатары:

1. Қарыз алушылар/ лизинг алушылар – Қоғам алдында 2016 жылғы 1 шілдеге мерзімі өткен берешігі бар заңды тұлғалар, оның ішінде ЖК, ШҚ, ФШ үшін мерзімі өткен негізгі борыштың сомасы, мерзімі өткен сыйақының сомасы және мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасының 100% өтеген жағдайда өсімпұл шығарып тасталады.

2. Қарыз алушы/ лизинг алушы Қоғам алдында 2016 жылғы 1 шілдеге мерзімі өткен міндеттемелері бар жеке тұлғалар үшін мерзімі өткен негізгі борыш сомасы, мерзімі өткен сыйақы сомасы, мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасы + жеке табыс салығы сомасының 100% өтеген жағдайда өсімпұл шығарып тасталады.

Акцияға қатысу үшін облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей қалаларында орналасқан филиалдарына шағымдану қажет.

Анықтамалық ақпарат - 8-8000-80-35-05 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін).

 

Сурет: chelfin.ru


Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.07.2016 06:47

Мақаланың шыққан күні: 30.06.2016