Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Ішкі конкурс: E-R-4, E-G-3, E-R-1, E-G-2 санаттары, 5 бірлік

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды, Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты, индексі-060400, мекен-жайы - Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, анықтама үшін телефоны: 8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22, e-mail: k_kadr_bolimi@mail.ru

Ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маман-есепші, Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Түскен жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек қаржыларының мезгілінде төлеуін қадағалайды, осыған байланысты жұмыстарды үйлестіреді. Банкімен, басқа да мекемелермен уақтылы акт-сверка жасасып, жоғарғы органдарға есепті мезгілінде беріп отырады. Мекеменің бюджет есебін жүргізеді. Тиісті органдар алдында заңдар талабына сай есептерін береді. Касса ережесін қатаң сақтайды, мекеменің негізгі қорлары мен мүліктерінің есебін жүргізеді, олардың түгел, әрі сапалы жағдайда сақталуын қадағалайды. Қызметкерлердің еңбек ақыларын уақтылы алуын қамтамасыз етеді. Тағайындалған жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек қаржыларының дұрыстығын тексеріп отырады, ол жөнінде ұсыныстар береді және толық жауапты болады. Еліміздің оқу орындарына оқу ақысында бережақтары бар студенттердің оқу ақысын жергілікті бюджет есебінен төлеу жұмыстарын жүргізеді.

Аудан әкімінің білім беру көмегі бойынша еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқып жатырған студенттердің жыл сайынғы оқу ақыларының уақытылы төленуін қамтамасыз ету мақсатында іс-құжаттарын уақытында дайындап, төленуін қаматамсыз етеді.

Бөлім басшыларының басқа да тапсырған жұмыстарын орындайды.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: Есепші, экономист, қаржыгер.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе С-R-5, Е-R-5, Е-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Округ бойынша Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарының орындалуына жауапты, жоспарлар жасақтап, шаралар ұйымдастарды;

Көп балалы аналарды наградаға ұсынады және іс қағаздарын толтырып аудан әкімдігіне жолдайды;

Аудан орталығында Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелік күндер бойынша шаралардың ұйымдастырылуына жауапты, округ бойынша өтетін шаралар мен жиындарға мекеме қызметкерлерінің және тұрғындардың қатынасуын ұйымдастырады;

Қоғамдық ұйымдардың (ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, жастар ұйымы т.б) жұмыстарының ұйымдастырылуына көмектесу, округ әкімі жанындағы қоғамдық ұйымдардың жұмысына басшылық жасап, қадағалап отырады;

Округ бойынша мемлекеттік жастар саясатының жұмыстарын үйлестіреді, жастарды қорғауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси-ұйымдастырушылық, құқықтық іс-шаралардың дайындалуы мен өткізілуін қамтамасыз етеді, округ аумағында орналасқан мектептер, діни ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды;

Көшелердің безендірілуі, бильбордтарды жаңарту бағытында ұсыныстар дайындау, мекемелер мен ұйымдарға өз ғимараттары жанында безендірулер мен көрнекі құралдар орнаттыру және орындалысын қадағалау;

Округ аумағында орналасқан барлық заңды және жеке тұлғалардың баспасөзге жазылуын қадағалап, ол жөнінде аудан әкімшілігіне есеп беріп отырады;

Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай болуына және Заңдылыққа сай уақытында жойылуына жауапты;

Өз міндетіне сәйкес хабарламалардың сапалы дайындалуына жауап береді және уақытылы берілуін қамтамасыз етеді;

Өзінің жауапты саласына байланысты түскен арыз-шағымдарға Заңнамалар талабына сәйкес уақытылы жауап береді;

Округ әкімінің және округ әкімі орынбасарының жүктеген басқа да қызметтерді атқарады;

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: педагогикалық, гуманитарлық, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік

тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

 

Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94110 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Округ бойынша салық базасын кеңейту жөнінде іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты;

- Ауылдық округ бойынша егіндік жер, егілетін егіннің және егін өнімінің, дайындалатын мал азығының есебін алуды жүргізеді және статистикалық есептерін жүргізіп, уақытылы аудандық ауылшаруашылығы бөліміне және статистика бөліміне тапсырады;

-Егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының иелігіндегі жерлерінің құжаттарының толық болуын қадағалайды, олар жөнінде аудандық ауылшаруашылық бөліміне уақтылы есеп беріп отырады және ұсыныстар дайындайды;

- Округ есебіндегі тұрғындарға отбасы құрамы және қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтамаларды дұрыс беруге;

- Жер, мүлік салықтары жөнінде округ тұрғындарына хабарламаларды таратуға, уақтылы орындалуына тікелей жауапты;

- Ауылдық округтің шаруашылық кітаптарының сапалы толтырылуына жауап береді;

- Округ тұрғындарын есепке алу және шығару жұмыстарын жүргізеді;

- Әскер қатарына шақырылатындардын тізімін жасап бақылауға алу, әскер жасына жеткен жастардың есебін дайындау және аудандық әскери комиссариатпен тығыз байланыста жұмыс жүргізу;

-Ауылдық округ бойынша учаскелік инспекторлармен біріккен жұмыстарды ұйымдастырады, жазасын өтеп келген азаматтармен жұмыс жүргізу, құжаттары жоқ азаматтарға құжаттар алдыру бағытында жұмыстар жүргізеді;

-Өз міндетіне сәйкес хабарламалардың сапалы дайындалуына жауап береді және уақытылы берілуін қамтамасыз етеді;

-Өзінің жауапты саласына байланысты түскен арыз-шағымдар мен өтініштерге Заңнамалар талабына сәйкес уақытылы жауап береді;

- Округ әкімінің және округ әкімі орынбасарының жүктеген басқа да тапсырмаларын орындайды.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: экономикалық, қаржыгерлік, бухгалтерлік, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

 

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, E-R-1 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 142412 теңгеден 192382 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық мекемесі, телекоммуникация, «Атырау-Жарық», «КазТрансАймақ» акционерлік қоғамының аудандық бөлімшесі, өртке қарсы мекемесі, аудандық ауылшаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен және аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен қарым-қатынаста жұмыс жасау, облыс, аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау. Бөлімге қатысты жұмыстары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихат мәжілісіне мәслелер ұсыну. Бөлімнің қаржы, банк құжаттары есебін және бюджеттен бөлінген қаржыларды уақытылы ерекшеліктер бойынша нормативтік талаптарға сай жүргізілуін қадағалау. Аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың жұмыстарына қатысу.

Осы салалар бойынша жергілікті әкімдердің жұмыстарын үйлестіру, басшылық жасау.

Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарының басқа да тапсырмаларын атқару.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: Құрылысшы-инженер.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның

ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4) ғылыми дәрежесінің болуы;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы».

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

 

Орлы ауылдық округі әкімі аппаратының әкім кеңесшісі,. E-G-2 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 92443 теңгеден 124924 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Округ әкімінің нормативтік құқықтық актілері жобаларын дайындау;

Округ әкімінің жылдық есеп беру кезінде тұрғындар жиынына материал дайындап беру; хабарламасын аудандық бөлімдерге ұсыну;

Түрлі комиссиялар жұмысына (нашақорлық, адам саудасы, діни ахуал, діни экстримизм, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық) іс- шара жоспарын жасақтап, хабарламаларды мерзімінде аудандық бөлімдерге жолдау, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау;

Алқабиге, медиаторларға үміткерлермен жұмыс

Мерзімінде баспасөзге жаздыру жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасап, мәліметті аудандық бөлімдерге ұсыну;

Ауылдық округтің және елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттеу;

Ауылдық округ көлемінде орналасқан барлық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру, қадағалау;

Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту және коммуналдық шаруашылық жұмыстарын қадағалау (су, газ, жарық)

Елді мекендердегі өсімдік зиянкестілеріне қарсы жұмыстарды ұйымдастыру;

Төтенше жағдайларда байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;

Ерікті өрт сөндіру жұмыстарына басшылық жасайды.

Әкімнің тапсыруы бойынша басқа да жұмыстарды атқару.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: педагогикалық, гуманитарлық, мемлекеттік және жергілікті басқару, заңгерлік, экономикалық, техникалық, ауылшаруашылық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар

1)мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-3 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2)мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3)жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»,«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын бiлуге арналған осы санаттағы лауазымы бойынша функционалдық міндетін орындау үшін қажетті баска да міндетті білімді қамтиды.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Құрманғазы аудан әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.06.2016 09:49

Мақаланың шыққан күні: 01.06.2016