Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты бос тұрған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы орынына конкурс жариялайды.

 

060400, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 11 және 12 кабинет, телефон:8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22 электрондық почта: Personal_Kurmangazy@mail.ru.
Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты бос тұрған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы орынына конкурс жариялайды.
Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміндегі демалысында болуына байланысты) E-4 санаты, 1орын/. Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 59578 теңгеден 80719 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері:
Аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін рәсімдеу мен тіркелуін талаптарға сәйкес жүргізеді. Қаулыларды, шешімдерді және өкімдерді орындаушыларға уақытылы жеткізу жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Құжаттардың түпнұсқаларының сақталуына бақылау жасайды. Ай сайын қабылданған қаулылар, шешімдер мен өкімдер тізбесін дайындап, есебін шығарады. «Lotus Notes» бағдарламасын пайдалана отырып, құжаттарды уақытылы қабылдау және жөнелту жұмыстарын атқарады. Аудан әкімі аппаратының дөнгелек мөрлерін сақтайды. Елтаңбалы бланкілердің қатаң есебін жүргізеді. Облыс әкімінің, аудан әкімінің интернет сайтына /блогына/ түскен өтініштермен /сауалдармен/ және аудан әкімдігі жанындағы ұсыныс-пікірлер салатын жәшікке ұсыныс-пікірлермен жұмыстарды ұйымдастырады, уақытылы орындалуына бақылау жасайды. Аудан әкімінің және аудан әкімдігімен құрылған комиссиялардың құрамына уақытылы өзгеріс енгізілуіне қадағалау жасайды. Аппарат басшысы, жалпы бөлімінің басшысының рұқсатымен қаулы, шешім, өкімдерінің көшірмелерін қажет болған кезде олардың үзінділерін береді. Істер номенклатурасын мұрағатқа келісуге ұсынып, істерді сараптамадан өткізіп уақытылы мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аппарат басшысының аудан тұрғындарын қабылдауын ұйымдастырады және тоқсан сайын қабылдау кестесін жасақтап аудан әкіміне бекітуге және баспасөз бетіне жариялауға ұсынады. Қазақстан Республикасы Президентінен, Үкіметінен, Президент Әкімшілігінен, министрліктерден, облыс әкімінен және әкімдігінен келіп түскен нормативтік құқықтық актілеріне уақытылы орындалуына бақылау жүргізуге және келген қатынас хаттар негізінде бақылаудан түсіру жұмыстарын атқарады. Арыз шағымдармен жұмыс жүргізеді. Барлық ауылдық округ және дербес бөлімдер бойынша 1-АӨ статистикалық есебін жартыжылдық, жылдық қортындысымен тапсырылуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі, аппарат басшысының және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі жоғары. Гуманитарлық, заңгерлік, педагогикалық, экономикалық, техникалық, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандық). Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туалы»,«Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Компьютерде Word, Excel, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі фотосурет, өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Құрманғазы ауданының әкімі аппаратында өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарында («Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері/ конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды құжат тігілген мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы қабылдау мерзімінде бере алады. Сонымен қатар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет ісітері агенттігі Төрағасының 19.03.2013ж. №06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Кағидаларының» 4 тармағының 19 тармақшасында көрсетілгендей Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына осы Кағидалардың 15 тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерді (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардын және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2015 03:36

Мақаланың шыққан күні: 09.11.2015