Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданы әкімі аппараты бос тұрған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы орынына конкурс жариялайды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің қаржы секторының меңгерушісі /E-R-3, (уақытша) 1орын

 

060400, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 11 және 12 кабинет, телефон:8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22 электрондық почта: Personal_Kurmangazy@mail.ru.
Құрманғазы ауданы әкімі аппараты бос тұрған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы орынына конкурс жариялайды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің қаржы секторының меңгерушісі /E-R-3, (уақытша) 1орын/. Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 74313 теңгеден 99938 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері: Бюджеттік мекемелерден қаржыландырудың айларға бөлінген төлемдер мен міндеттемелер бойынша жоспарларын тексеріп қабылдап алуға, бұған енгізілетін өзгерістердің Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің талаптарына сәйкестігін анықтауға, бюджет қаржысының толық және уақытында игерілуін үнемі бақылауда ұстауға, бөлінген қаржының мақсатына сай жаратылуын қадағалауға;
бюджеттік мекемелердің ай сайын алажақ және бережақ қаржыларының болмауының шараларын алуға, міндеттемелер ментөлемдер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарына талдау жасауға;
бюджеттік бағдарламалардың орындалуының тиімділігін бағалауға, қаржыландыру жоспарының орындалмау себептерін анықтауға, ай сайынғы бюджет қаржысының игерілуінің мониторингісін жүзеге асыруға, жоғары тұрған органдарға ағымдық мәліметтер мен есептердің берілуін қамтамасыз етуге;
жергілікті бюджет жобасын дайындауда мекемелердің бюджеттік өтінім, сұраныстарының дұрыстығын тексеріп, бөлім басшысының орынбасарына ұсынып, мәслихатқа ұсынудағы шешім жобасын дайындауға,бюджеттік комиссияның жұмысын үйлестіруге;
құрылыс бөлімі мен инфрақұрылымдарға бөлінген бюджет қаражатының нысаналы, мақсатына сай, толық және уақытылы жаратылуын бақылауға алу және жоғарғы органдарға берілетін айлық, тоқсандық және жылдық есептердің, ағымдағы ақпараттық мәліметтердің, соған сәйкесті дайындалған жазба хаттардың уақытында, толық берілуіне және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауға арналған жұмыстарды үйлестіруге;
тиісті әкімшілік-аумақтық бөлінісінде салық және ақшалай несие саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып мемлекеттік бюджеттік саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуға;
тиісті қаржылық жылға жергілікті атқару органның бюджетіне шешім әзірлеу және іске асырылуы жөнінде қаулы жобасын әзірлеуге;
салық базасын кеңейтуге байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға;
қаржы секторы мамандарының жұмысына басшылық жасауға;
белгілі себептерге байланысты бөлім басшысының орынбасары жұмыс орнында болмаған жағдайда (еңбек демалысы, сырқаттануға байланысты жұмыста болмау, іс-сапар немесе басқа да себептер) бөлім басшысының орынбасарының міндетін атқаруға; өзіне тапсырылған міндеттерді мерзімінде, әрі біліктілікпен орындауды қамтамасыз етудің шараларын алуға міндетті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі жоғары (экономикалық мамандық).
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы; 3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4)ғылыми дәрежесінің бар болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Компьютерде Word, Excel, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің қаржы секторының бас маманы /E-R-4, (уақытша) 1орын/. Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері:
Аудан бойынша білім бөліміне қарасты мекемелер бойынша бюджет қаражатының нысаналы, мақсатына сай, толық және уақытылы жаратылуын бақылауға алуға;
аудандық білім саласына қарасты әр мекеме бойынша бюджет қаражатының ай сайынғы игерілуінің мониторингісін жүзеге асыру, мекемелер бойынша қызметкерлердің еңбек ақыларының төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналарды, бюджетке табыс салығын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салықты мерзімінде түсіруді қамтамасыз етуді бақылауға;
облыстық қаржы басқармасына берілетін айлық, тоқсандық және жылдық есептердің, жоғарғы органдарға берілетін ағымдағы ақпараттық мәліметтердің, уақытында, толық беруге;
білім беру шығыстары бойынша облыстық және республикалық бюджеттерден бөлінетін нысаналы және ағымдағы трансферттерге уақытында игерілуі мен жоспарына болған өзгерістер енгізу және олардың орындалысына талдаулар жүргізуге;
өзіне тапсырылған міндеттерді мерзімінде, әрі біліктілікпен орындауды қамтамасыз етудің шараларын алуға;
білім беру салаларына қарасты мекемелер бойынша ұсынылған бюджет жобасын, бюджеттік өтінімдерді қарауға, зерделеуге және ұсыныс енгізуге;
аудан бойынша білім бөліміне қарасты мекемелердің дебиторлық және кредиторлық берешектерінің пайда болуын болдырмау шараларын алуға міндетті;
белгілі себептерге байланысты жұмыс орнында болмаған жағдайда (еңбек демалысы, сырқаттануға байланысты жұмыста болмау, іс-сапар немесе басқа да себептер) қаржы секторының бас маманының міндетін атқару бөлімнің бас маманының біріне жүктеледі;
өзіне тапсырылған міндеттерді мерзімінде, әрі біліктілікпен орындауды қамтамасыз етудің шараларын алуға міндетті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі жоғары (экономикалық мамандық).
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Компьютерде Word, Excel, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі.
Аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары /E-R-2, 1орын/. Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 98016 теңгеден 132611 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері:
Ел басы, Үкімет, министрлік пен облыс, аудан әкімдерінің және облыстық білім басқармасының білім жүйесіне қатысты қабылданған Заңдар мен заңнамалардың, бағдарламалардың, қаулылары мен шешімдерінің, бұйрықтарының орындалуын бақылайды, әр тоқсан сайын мәлімет дайындап жіберілуі мәселелерін үйлестіру.
Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын жасақтау, оның іске асуына басшылық беру мен бақылау жұмыстары. Бөлімде өтетін тамыз, қаңтар маслихаттары, кеңес мәжілістері мен директорлар отырыстары мәжілісінде қаралатын мәселелердің жоспарын жасау мен өткізуді ұйымдастыру.
Білім беру ұйымдарының оқу жылын аяқтау мен жаңа оқу жылына әзірлік, қысқы күзгі маусымға әзірлігі мен құрылысы мәселелерін бақылау.
Бөлімнің актісінің заңдылық пен норма талаптарына сай келуін қадағалау.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына байланысты жұмыстарды үйлестіру.
Білім беру ұйымдары басшыларын конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның мәжілісінде төрағалық етіп басшылық жасап үйлестіреді.
Педагог кадрлердің жыл сайынғы ережеге сәйкес аттестаттаудың I және II кезеңінің өтулерін ұйымдастырады және бақылайды.
Бөлімнің және оған қарасты мекемелерде өткен бақылаушы және қадағалаушы органдармен жүргізілетін тексерулер мен сот істеріне тараптың бір жағы ретінде қатысуы бар істер туралы ай сайынғы есептілікті жинақтап тапсыруды қадағалайды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау ісіне бақылау жасайды және №1-ТО нысанды есебін тапсыруды қадағалайды.
Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда бөлім қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау».
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау».
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру».
«Кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультативтік көмек көрсету».
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру мемлекеттік қызмет көрсетулерін бақылайды.
Бөлім басшысы жұмыста болмаған мезгілде міндетін атқарумен айналысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі жоғары (Педагогикалық, заңгерлік, гуманитарлық мамандық).
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
4) ғылыми дәрежесінің болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынатарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Компьютерде Word, Excel, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі.
Аудандық білім бөлімінің бас маманы /E-R-4, 1орын/. Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері:
Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының ай сайынғы және тоқсандық есептілігін тапсыруға жауапты.
Бөлімнің электрондық құжат айналым жүйелерінде бағдарламалық кодтардың жаңаруы мен «Е-қызмет», «ЕСЭДО», «ИПГО», «ИИСЦОНГО» және «Е-акимат» бағдарламалық жүйелердегі, интернет сайтына /блогына/ түскен өтініштермен /сауалдармен/ және бөлімнің ұсыныс-пікірлер салатын жәшікке түскен ұсыныс-пікірлермен жұмыстарды ұйымдастырады.
Бөлімнің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалысына және жарты жылдық есептерін жинақтап тапсыруға жауапты.
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау» мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіреді және жауапты.
Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының ай сайынғы және тоқсандық есептілігін жинақтап тапсыруға жауапты.
Оқушылардың демалысы мен тынығу – сауықтыру шараларын бақылаумен айналысады.
Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда бөлім қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді.
Бөлім дайындалған құжаттардың заңдылығы мен норма талаптарына сай келуін қадағалау.
Істер номенклатурасын мұрағатқа келісуге ұсынып, істерді сараптамадан өткізу мен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Бөлімнің кіріс шығыс құжаттарының іс-жүргізуші арқылы жүргізілуін бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі жоғары (Педагогикалық, заңгерлік, гуманитарлық мамандық).
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Компьютерде Word, Excel, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы /E-R-4, 1орын/. Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері:
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
Сумен қамту бағдарламалары, су құбырларын жұмыс жасауын қадағалап, жұмыстырын ұйымдастыру;
Аудан аумағындағы электроэнергия жүйелерінің жұмыстарын қадағалау, ұйымдастыру;
Аудан елді мекендері арасында жолаушылар қатынасын ұйымдастырады және олардың жұмыстарын бақылайды.
Аудан бойынша автомобиль жолдары құрылысының жұмыстарын үйлестіру және қадағалау;
Бөлімнің қадрлық жұмыстарын жүргізу;
Бөлім басшысының басқа тапсырмаларын орындау;
«Е-лицензирование» жүйесімен жұмыс жасау;
Өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге;
Белгіленген тәртіппен аудандық атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан Бөлімнің өз функциясын жүзеге асыру үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу;
Аудан бойынша жанар-жағар майға қатысты тапсырмаларды орындау;
Белгіленген тәртіппен аудан әкіміне Бөлім құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер және өкім жобаларын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі жоғары.
Инженер-құрылысшы, экономикалық, заңгерлік, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Компьютерде Word, Excel, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі фотосурет, өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Құрманғазы ауданының әкімі аппаратында өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарында («Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері/ конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды құжат тігілген мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы қабылдау мерзімінде бере алады. Сонымен қатар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет ісітері агенттігі Төрағасының 19.03.2013ж. №06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Кағидаларының» 4 тармағының 19 тармақшасында көрсетілгендей Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына осы Кағидалардың 15 тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерді (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардын және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.08.2015 09:38

Мақаланың шыққан күні: 17.08.2015