Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданы әкімі аппараты бос тұрған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы орынына конкурс жариялайды Аудан әкімінің орынбасары /E-1, 1орын/

060400, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 11 және 12 кабинет, телефон:8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22 электрондық почта: Personal_Kurmangazy@mail.ru.
Құрманғазы ауданы әкімі аппараты бос тұрған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы орынына конкурс жариялайды.
Аудан әкімінің орынбасары /E-1, 1орын/. Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 115954 теңгеден 156314 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері: Төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс, коммуналдық меншік, сәулетшілік және қалақұрылыс жұмыстарын үйлестіру.
Ауданда сумен қамтамасыз ету және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелері.
Аудан аумағындағы кенттер мен ауылдарды салудың бас жоспарларын әзірлеу, коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысты бөлу және коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат беруді шешу , қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері.
Қоршаған ортаны қорғау, газ, су, отын энергетика кешені кәсіпорындарының, орман және биоресурстар, аудандық санэпидстанция, обаға қарсы күрес бөлімшесі, аудандық телекоммуникация, «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен пайдалану, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, төтенше жағдайлар бөлімі, жануарлар мен өсімдік әлеміне бақылау мекемелерінің жұмыстарын үйлестіру.
Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, құрылыс, сәулет және қалақұрылыс бөлімдеріне басшылық жасау.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін үйлестіру.
Аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың жұмыстарына басшылық жасау.
Осы салалар бойынша жергілікті әкімдердің, дербес бөлімдердің жұмыстарын үйлестіру, басшылық жасау.
Аудан әкімінің басқа да тапсырмаларын атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі жоғары.(Гуманитарлық, техникалық, заңгерлік, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандық). Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуға тиіс:
1)мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
2) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;
3)мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
4)осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес барларға рұқсат етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Компьютерде Word, Excel, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі фотосурет, өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Құрманғазы ауданының әкімі аппаратында өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарында («Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері/ конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды құжат тігілген мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы қабылдау мерзімінде бере алады. Сонымен қатар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет ісітері агенттігі Төрағасының 19.03.2013ж. №06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Кағидаларының» 4 тармағының 19 тармақшасында көрсетілгендей Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына осы Кағидалардың 15 тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерді (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардын және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

 

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.04.2015 09:31

Мақаланың шыққан күні: 20.04.2015