Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.05.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданы әкімі аппараты бос тұрған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары орынына конкурс жариялайды. Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінің бөлімінің бас маманы (E-R-4 санаты, 1 орын)

60400, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 11 және 12 кабинет, телефон:8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22 электрондық почта:
Personal_Kurmangazy@mail.ru
Құрманғазы ауданы әкімі аппараты бос тұрған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары орынына конкурс жариялайды.
Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінің бөлімінің бас маманы
(E-R-4 санаты, 1 орын). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметтің Жарлықтары мен қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдерінің орындалуын бақылау, қабылдауда тұрған қаулы, шешімдерге уақытында хабарламалар жіберіп, бақылауға алу;
Бөлімге қатысты жұмыс барысында білім беру және мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерінің жұмыстарын үйлестіру;
Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комиссияның жұмыстарын іс-қағаздарын жүргізу;
Құрманғазы ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Бөлімнің іс-қағаздарын жүргізу, тіркеу, жіберу. (кіріс, шығыс құжаттырымен, лотус бағдарламасымен жұмыс)
Жылсайынғы Елбасы Жолдауының халыққа насихатталуын қамтамасыз ету, атқарылатын жұмыстарды, құжаттарын жүргізу.
Мекеме, кәсіпорындардағы, мектептердегі қайырымдылық қорларының жұмыстарын жүйелеу, мәліметтер алу;
Өзінің атқаратын қызметі аймағында білімін жетілдіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі - жоғары. (Педагогикалық, гуманитарлық, заңгерлік, экономикалық, әлеуметтік)
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі. Осы санаттағы нақты лауазым мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілерін, «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Exсel, E-mail, Internet, Lotus Notus және басқа да бағдарламалармен жұмыс жасай білуі.
Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы (E-R-4 санаты, 1 орын уақытша). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері: Әкімшілік-аумақтық елді мекеннің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының жобасын әзірлейді және оның орындалуын қадағалайды;
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі мәліметті жинайды және тапсырады;
Барлық нормативтік актілерді, заңдарды, бөлімнің құжаттарын бір жүйеде тіркеп, жинақтап отырады және «Лотус», «АИС ЕУОЛ» бағдарламаларымен жұмыс істейді;
Ауылдық аймақтың даму мониторингі жұмыстарын жүргізеді;
Облыс әкімі аппаратынан, басқармалардан келген тапсырмаларды орындайды;
Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына рейтингілеуге байланысты талдаулар жасайды, тиісті мәліметтерді жинақтап, ұсынады, қорытындылау жүргізеді;
Күнделікті азық-түлік бағаларына талдау жасайды және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынады;
Өзіне тапсырылған міндеттерді мерзімінде, әрі біліктілікпен орындауды қамтамасыз етудің шараларын алады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі жоғары (экономикалық, қаржылық, заңгерлік). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі. Осы санаттағы нақты лауазым мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілерін, «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Exсel, E-mail, Internet, Lotus Notus және басқа да бағдарламалармен жұмыс жасай білуі.
Құрманғазы аудандық мәдениет және тілді дамыту бөлімінің бас маманы (E-R-4 санаты, 1 орын уақытша). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Лауазымның функционалдық міндеттері: Бөлімнің мәдениет саласы бойынша апталық, айлық, тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларын жасақтайды және орындалуын ұйымдастырады;
Мәдениет саласы бойынша апталық, айлық, тоқсандық, 6 айлық, 9 айлық апталық жоспарлары мен хабарламасын, өткізілген іс-шаралар жөніндегі жоспары мен хабарламасын аудан әкімдігіне, облыстық мәдениет басқармасына беріп отырады;
Апталық мәжілісінің іс-қағаздарын дайындайды;
Кадрмен жұмыс жасайды;
Бөлімнің іс-қағаздарына (іс-номенклатура бойынша) жүргізуге жауапты;
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жұмысына жауапты, комиссия хатшысы;
Атақты қоғам қайраткерлерінің мерей тойларын атап өту жөніндегі комиссиясының хатшысы;
Аудан әкімдігінен келген өкімдердің, шешімдердің, қаулылардың, хаттамалардың, әр түрлі тақырыптағы бағдарламалардың іс-шара жоспарларының орындалуын бақылауға алып уақтылы бақылаудан шығаруға жауапты;
«Мәдени Мұра», «Мәдениет саласын дамыту» бағдарламаларының орындалуын жүзеге асыруға басшылық жасайды;
Бөлімге қарасты мәдени мекемелерінің, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша қызметкерлерін басылымға жаздыруға басшылық жасайды;
Мәдени мекемелерінің жәй, күрделі жөндеу жұмыстарының дефектілері мен сметаларын қадағалайды;
Бөлімнің маманы кезекті еңбек демалысына, жол сапарға шыққан мерзімінде екінші маманның міндетті жұмысын атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі -жоғары; Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мәдени ұйымдастырушы, басқарушы жұмыстары бағытында.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі. Осы санаттағы нақты лауазым мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілерін, «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Exсel, E-mail, Internet, Lotus Notus және басқа да бағдарламалармен жұмыс жасай білуі. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Exсel, E-mail, Internet және басқа программаларымен жұмыс жасай білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі фотосурет, өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Құрманғазы ауданының әкімі аппаратында өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарында («Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері/ конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды құжат тігілген мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы қабылдау мерзімінде бере алады. Сонымен қатар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013ж. №06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясың қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қағидаларының» 4 тармағының 19 тармақшасында көрсетілгендей Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына осы Қағидалардың 15 тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде ҚР Парламетінің және барлық деңшейдегі мәслихат депутаттарының, ҚР Заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.11.2014 06:37

Мақаланың шыққан күні: 12.11.2014