Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2020 жылдың алғашқы бес айында БЖЗҚ өз салымшыларына 52,6 миллиард теңге төледі

2020 жылдың 1 мамырына Қор жалпы алғанда 199 381 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда 670 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жалпы сомасы 52,6 миллиард теңге аударылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік жасқа жету бойынша төлемдер-21,4 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты-12,6 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар-9,8 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер-7,4 млрд теңге;

- жерлеуге төленетін төлем-797,6 млн теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер-575,4 млн. теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты) 22 281 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 506 980 теңгені құрады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.05.2020 17:46

Мақаланың шыққан күні: 22.05.2020