Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 661,7 млрд аса теңге аударылды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 2020 жылдың 15 сәуірі

 

БЖЗҚ салымшыларының шоттарында жинақталған зейнетақы активтері 2020 жылдың 1 сәуіріне 11,7 трлн теңгеден асты. Бұл ретте БЖЗҚ активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарып келе жатқан 2013 жылдың қыркүйек айынан1 бергі уақыт ішінде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы есептелген инвестициялық кіріс оның 30% - дан астамын (немесе 3,9 трлн теңге) құрады.

Шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан болған инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері өзгеруі мүмкін және оны ұзақ мерзімді перспективада қарау қажет.

Мәселен, өткен 2019 жылы БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 641,8 млрд теңге, яғни табыстылық 6,57%, ал инфляция 5,4% болды. 2018 жылы салымшылардың таза инвестициялық кірісі 977,2 млрд теңгеге жетіп, 5,3% инфляция кезінде табыстылық 11,27% көрсетті. Осылайша кірістілік көрсеткіштері жылына қарай ерекшеленуі мүмкін, алайда инфляция деңгейінен әрдайым жоғары болып, зейнетақы активтерінің таза кірістілігі оң нәтиже берді.

2020 жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен (96,9 млрд. теңге) салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық. Тұтастай алғанда инвестициялық кіріс – қаржы құралдарының құнына және жалпы қаржы нарығындағы жағдайға тәуелді белгіленбеген шама. Жекелеген қаржы құралдары есебінен инвестициялық кіріс шамасының уақытша төмендеуі зейнетақы активтерінің барлық инвестициялық портфелін неғұрлым ұзақ кезең ішінде әртараптандыру есебінен өтеледі.

Зейнетақы ақшаларын инвестициялаудың басты қағидаты – олардың сақталуын қамтамасыз ету, яғни қандай да болмасын бір себептерге байланысты шығынға ұшырату тәуекелдерін азайту. Сондықтан зейнетақы активтері отандық және шетелдік қор нарықтары ұсына алатын алуан түрлі, оның ішінде ең сенімді қаржы құралдарына салынады. Кірістілік неғұрлым көп болса – салымдарды жоғалту тәуекелдері соғұрлым жоғары, салымдарды жоғалту тәуекелдері неғұрлым төмен болса – кірістілік те соғұрлым аз болады. Зейнетақы активтерін зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару кезінде төленген инвестициялық табысты ескере отырып инвестициялау үшін қаржы құралдарын таңдау кезінде ҚР Ұлттық Банкі тәуекел-кірістілік қатынасында барынша ақылға қонымды теңгерімді қамтамасыз етуге ұмтылады.

Бұған қоса зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік көзделген, ол зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейі ескерілген барлық зейнетақы жарналарына таралады.

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)


Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.04.2020 18:50

Мақаланың шыққан күні: 17.04.2020